конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі №58 мектепті жіті бақылауына алды

Алматы әкімі №58 мектепті жіті бақылауына алды

Барлығы 28.09.2025, 16:09 690 Сұлу
Алматы әкімі №58 мектепті жіті бақылауына алды
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тұрғұт Озал көшесінде орналасқан «№58 жалпы білім беретін мектеп» КММ ғимаратына жапсарлас салынған қосалқы нысанды қайта құру алаңына барды.

Жоба бойынша мұнда мектеп жанынан заманауи оқу және спорт үй-жайы бар 576 орындық қосымша нысан  салынуға тиіс. Жұмыс 2024 жылдың шілдесінде басталды, ал келісімшарт бойынша 2025 жылдың желтоқсанында аяқталуы керек еді. Алайда, құрылыс бекітілген кестеден едәуір артта қалып отыр.

Әкім балалардың оқуға орны жоқ екенін, сондықтан жағдай шұғыл шешуді талап ететінін атап өтті. Мердігерге кемшілікті жою үшін екі апта мерзім берілді. Қала басшысы жұмыс барысын күнделікті бақылау және қаражатты ашық пайдалану қажеттігін атап өтті.

«Мерзімі екі апта. Біз жұмыстың қарқынын қадағалаймыз, күн сайын маған жағдай туралы баяндайсыздар. Нысан менің жіті бақылауымда. Егер ешқандай өзгеріс болмаса, біз шартты бұзамыз. Мердігерлер жұмысты қосалқы мердігерлерге ауыстырудың орнына өз күштеріне сенуі керек», - деді Дархан Сатыбалды.

Білім басқармасына, Құрылыс басқармасына және жауапты қызметтерге нысанды ерекше бақылауға алу және жұмыс барысы туралы апта сайын баяндау тапсырылды. 

Қайта құру аясында жертөлесі мен спорт залы бар жаңа үш қабатты корпус салу, асхана мен акт залы бар блок тұрғызу, заманауи стандарттарға сәйкес жұмыс істеп тұрған мектеп үй-жайларын қайта жоспарлау және жаңарту, сондай-ақ инженерлік желілерді, шатырды және өрт қауіпсіздігі жүйелерін ауыстыру көзделген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #мектеп #әкім #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Бүгін 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

Кеше 20:52

Иранда аятолла Әли Хаменеимен қоштасуға арналған аза тұту рәсімдері басталды

Кеше 17:50

Алматыдағы сенбілікке 2,4 мың адам қатысты

Кеше 15:41

Жаңа Конституцияны диалог пен шығармашылық арқылы жүзеге асыру: Алматыда ауқымды жастар науқаны өтіп жатыр

Кеше 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);