AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысу...

Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті

Барлығы 11.12.2025, 17:45 921
Алматы әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесті
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Тәуелсіздік күні және Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығы қарсаңында 1986 жылғы желтоқсаншылармен кездесті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Әкім Алматының қоғамдық өміріне белсене үлес қосып жүрген желтоқсаншылардың патриоттық ұстанымын, азаматтық позициясын және ұлттық құндылықтарға беріктігін атап өтті.

Кездесу барысында қатысушыларды толғандырған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер көтеріліп, қосымша әлеуметтік қолдау шаралары талқыланды. Сонымен қатар, Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына орай қатысушылардың ұсыныстарын ескере отырып, кешенді еске алу іс-шараларының жоспары әзірленетін болады. Әсіресе ұлттық рухты нығайтуға және жастарды тәрбиелеуге бағытталған танымдық әрі патриоттық бастамаларға басымдық беріледі.

Кездесу соңында Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларын қолдап жүргені және азаматтық қоғамды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін желтоқсаншыларға алғыс білдірді. Әкім атап өткендей, қала әкімдігі, Мәслихат депутаттары және қоғамдық ұйымдар жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асыру және қаланы дамыту бойынша бірлескен жұмысты жалғастырады.

Еске сала кетейік, Тәуелсіздік күніне орай Республика алаңындағы «Тәуелсіздік» монументіне және Желтоқсан көшесіндегі «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне гүл қою рәсімдері өтеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45

Мемлекет басшысы Wilo Group компаниялар тобының басқарма төрағасы Оливер Герместі қабылдады

Бүгін 17:15

Алматыда шығарындылары төмен аймақтың жұмыс тәртібі түсіндірілді

Бүгін 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);