Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі қай көшеде орташа жөндеу жұмыстары...

Алматы әкімдігі қай көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталғанын айтты

Әлеумет 27.06.2024, 11:33 606
Алматы әкімдігі қай көшеде орташа жөндеу жұмыстары басталғанын айтты
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда биыл ұзындығы 250 км болатын 274 көше орташа жөндеуден өтеді, осылайша 92%-ға дейін жолдың үлесін жақсы және қанағаттанарлық жағдайда жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.  

Қалалық мобилділік басқармасының хабарлауынша, жұмыс барлық ауданда басталған. Бұл ретте, 20 магистральдық көшені жөндеу 25 тамызға дейін, ал аудандық көшелерді қазан айының соңына дейін аяқтау көзделген.

«Қазір қозғалысты шектеуді қажет етпейтін жұмыстар жүргізілуде. Бұл тротуар төсеу, түнде асфальт жабынын қыру жұмыстары. Полимерасфальтбетонды төселген соң технология бойынша 36 сағат тұру керек, сондықтан жол ішінара жабылады», - деді  басқарма басшысының орынбасары Ернұр Әбжахан. 

Сонымен, Дулати даңғылында әл-Фараби даңғылынан Набережная көшесіне дейін, Жандосов көшесінде Тимирязев көшесінен Манас көшесіне дейін, Өтегенов көшесінде Қ.Тауасарұлы көшесінен К.Салықов көшесіне дейін, Березовский көшесінде Гагарин даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін, Қабдолов көшесінде Өтеген батыр көшесінен Саин даңғылына дейін, Тұрғұт Өзал көшесінде Төле би көшесінен Райымбек даңғылына дейін, Сүйінбай даңғылында Бекмаханов көшесінен Лавренев көшесіне дейін және т.б. жұмыс басталды.

Жөнделетін көшелердің аумағында мердігерлік ұйым басшыларының байланыс ақпараты бар арнайы стендтер орнатылады. Көлік қозғалысын шектеу қала тұрғындарына БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабарланады, сондай-ақ жөнделетін учаскелер «2Гис» және «Яндекс карты» сервистерінде көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, шаһар тұрғындарына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған арнайы Telegram арнаның @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы тұрғындар қала жолдарындағы шұңқырларды жөндеуге өтініш бере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #жөндеу #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық «Болашақ» стипендиаттары Президентпен Вашингтонда жүздесті

Бүгін 21:27

Алматылық спортшы Еуропа кубогының жеңімпазы атанды

Бүгін 20:25

Еңбек демалысы сақталады: Конституцияның жаңа редакциясы жобасына қатысты түсіндірме

Бүгін 18:36

Қорғаныс министрі Парламент депутаттарына Алматыда Sarbaz+ жобасын таныстырды

Бүгін 16:47

Алматыда Жаңа Конституцияны қолдауға арналған дөңгелек үстел өтті

Бүгін 16:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі