Алматы әкімдігі Баян Алагөзованың наразылығына жауап берді

Алматы әкімдігі Баян Алагөзованың наразылығына жауап берді Сурет: Astanatv.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Алматы көшелеріндегі жолдың сапасы мен жол жөндеу жұмыстарына шағым түсірген еді. Қала әкімдігі продюсердің наразылығына жауап берді.

Алматы қалалық қоғамдық кеңістікті дамыту басқармасы мәліметінше, Панфилов пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова атындағы саябақ қайта жөндеуден өтіп жатыр. Жобада жаяу жүргіншілер жолы мен демалыс аймағын орналастыру, жарықтандыру қарастырылған. Жарықтандыру тіректерін орнатқаннан кейін шамдар қосылады. Саябақты абаттандыру биыл қазанда аяқталмақ, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

"Видеодағы көшелер Алмалы және Медеу аудандарын қамтиды. Екі аудан әкімдігінен алынған мәліметтер бойынша, аумақты тазалау және арық жүйелерін тазалау жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Мердігерлер Медеу ауданындағы ескертулерді назар аударды, атап айтқанда, 1 қыркүйекте Төлебаев пен Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысындағы кәріз құдықтарының айналасына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлады қала әкімдігі өкілдері.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте өнер иесі наразылығын әлеуметтік желіде жариялаған еді.

"Қазір жұбайыммен қаланың қақ ортасында серуендеп келеміз. Бұл - Бөгенбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысы. Мына қараңғылықты қараңызшы, құдды бір колхоз сияқты. Қараусыз қалған. Ал бұл - не жарығы, не шамы жоқ, түгі жоқ, оның үстіне, 1,5 жыл бұрын жөндеу жұмысы басталған саябақ. Бәрін қазып тастаған. Мұнда турист көп, бұл - қаланың орталығы. Мен сондай әдемі қалада тұрамыз, ақша көп, көп салық төлейміз. Неге мынадай жерде тұрамыз?! Жыныма тиіп барады!"- дейді Баян Алагөзова видеода.

Бұдан басқа, өнер иесі арық пен қоқыс мәселесіне тоқталды.

"Қараңыздаршы, бұл - қаланың орталығы. Құрметті Медеу ауданының әкімдігі, мынау не?! Мәселен биік өкше аяқ киім киген әйел мына жерде жазмыш болады. Жауапкершілік жоқ. Мынау арық. Бөтелке мен қоқысқа толып тұр. Бұл - біздің азаматтық жауапкершілік, құрметті Алматы тұрғындары, шошқа дер едім. Туған қаланы қалайшы былай ластауға болады?! 3 метр ғана жүріп, бөтелкені қоқыс жәшігіне лақтыруға болады ғой! Қалай ұялмайсыңдар!" - дейді ол видеода.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
12
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:24

18:52

18:51

17:10

16:47

16:20

15:58

15:43

15:40

15:39

15:09

14:48

14:25

13:43

13:30

13:11

12:55

12:23

12:09

11:45

11:11

10:45

10:27

10:25

10:22