AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматы әкімдігі «Алматы ИнжСтрой» компаниясын жауа...

Алматы әкімдігі «Алматы ИнжСтрой» компаниясын жауапқа тартпақ

Әлеумет 27.10.2022, 05:24 942
Алматы әкімдігі «Алматы ИнжСтрой» компаниясын жауапқа тартпақ
Сурет: Kaztag.kz

Мәселенің тамыры тереңде жатыр. 


Алматыда магистралды су құбырындағы тұрақты авариялардың салдарынан «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенінің тұрғындары ауыз сусыз қалды. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қала әкімінің айтуынша, мәселенің тамыры тереңде жатыр.



«2019 жылы мердігер ұйым «Алматы ИнжСтрой» жаңа су құбыр желілерін жүргізу кезінде болат құбырларды диаметрі 600 миллиметр (ұзындығы 5 км) шыны-пластик құбырға ауыстырған. Осыдан соң су желісінде апатты жағдайлар көбейіп кетті. 2019 жылдан бастап бұл учаскеде 28 апат тіркелді (биыл 15 апат). Аталған мәселені шешу үшін Алматы қаласының әкімдігі уақытша су құбырын жүргізу туралы шешім қабылдады»,- деді Ерболат Досаев.



Бұл ретте қала әкімінің тапсырмасымен 19 қазанда мердігер ұйым Qazaq Stroy «Нұрлы дала» тұрғын үй кешенін тұрақты сумен жабдықтау үшін ұзындығы 400 метр, диаметрі 325 миллиметр уақытша су құбырын жүргізуге кірісті. Жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде.



«Бұл мақсатқа Алматы қаласы әкімдігінің резервінен 102 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, мердігер ұйым «Алматы ИнжСтройға» қатысты тиісті материалдар қылмыстық іс қозғау үшін заң қорғау органдарына берілді»,- деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

96 алматылық бір күнде АИТВ-ға жедел тест тапсырды

Бүгін 14:03

Тау кластеріне қатысты бірнеше экологиялық миф жоққа шығарылды

Бүгін 12:27

Алматы тау кластері кәсіпкерлікке жаңа серпін береді

Бүгін 12:26

Алматыда өткен қоғамдық тыңдауда жастар плакаттармен Almaty Superski жобасын қолдады

Бүгін 12:19

Алматы орталығында дүкенге заңсыз салынған қосымша құрылыс сүрілді

Бүгін 11:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);