Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Алмалы ауданында 267 отбасы 98 миллион теңгеден ас...

Алмалы ауданында 267 отбасы 98 миллион теңгеден астам сомада АӘК алды 

Өмір-өзен 06.12.2021, 10:44 1,390
Алмалы ауданында 267 отбасы 98 миллион теңгеден астам сомада АӘК алды 
Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында аудан әкімі Ержан Сейтенов мәлімдеді.


Спикер қазіргі уақытта аудан аумағында халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан 46 мыңнан астам адам тұрып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Олар үшін «Бақытты Отбасы» отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді, онда ауданның 1 850 көп балалы және аз қамтылған отбасылары тіркелген. Биыл орталық арқылы 12 мыңнан астам түрлі қызмет көрсетіліп, екі мыңнан астам адамға арналған курстар мен тренингтер ұйымдастырылды. 
 
Сонымен қатар, аудан меценаттары әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 360 баланы мектепке қажетті заттармен қамтып, «Мектепке жол» акциясын қолдады. Жалпы оқыту бағдарламасы аясында 1 268 оқушы үшін мектеп сөмкелері алынды. 



«Тренажер және спорт залдары желісі бар бірқатар кәсіпкерлеріміз мұқтаж отбасылардан шыққан 398 баланы бассейнге, спорт үйірмелеріне және Алматы дельфинарийіне тегін кіргізді», - деп жалғастырды аудан әкімі. 



Е. Сейтенов сондай-ақ ауданның 22 көп балалы анасы еңбек ететін «Isker ana Almaly» әлеуметтік тігін цехының жұмысы туралы айтып берді. Олар 2 мың тауар түрін тігуге тапсырыс берді. 
 
Сонымен қатар, жыл басынан бері «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша ауданда 175 адам оқытудан өтті, оның 70-і 41 млн теңге сомасына мемлекеттік гранттар алды. Ал «Қолдау» кәсіпкерлік орталығы арқылы екі көп балалы ана тігу бойынша өз ісін ашуға 4 млн теңгеден грант алды. 
 
Биыл Алмалы ауданында 405 азаматқа 3 млн теңгеге тұрғын үй көмегі көрсетілді. Тағы 1 396 адам 7 АЕК көлемінде жалпы сомасы 49,8 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды. Біржолғы әлеуметтік көмек 684 аз қамтылған азаматқа (20 АЕК) 33,7 млн теңге сомасында көрсетілді. 
 
Соңында Алмалы ауданының әкімі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы айтып берді. Оның арқасында 3 262 адам жұмысқа орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алмалы #аудан #отбасысы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика