AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Аллергия алқымнан алатын маусым басталды

Аллергия алқымнан алатын маусым басталды

Медицина 30.05.2024, 09:48 936 dulatbekova
Аллергия алқымнан алатын маусым басталды
Сурет: Shutterstock

Бүгін – дүниежүзілік Аллергия және демікпемен күрес күні.

Елде әр бесінші адам аллергиядан зардап шегеді екен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

 Көпшілік күн жылынып, жаз шыққанға қуанып жатса, аллергиясы бар адамдар үшін бұл жайсыз уақыт. Бұл көктемде шөп шығып, тозаңданғаннан күзге дейін жалғасады. Сондықтан осы уақыт аралығында түрлі өсімдік әсер етуі мүмкін. Мысалы сәуір мен мамырда ағаштың гүлдеуі, маусым, шілдеде шабындық, дәнді-дақылдардан шыққан тозаң, ал тамыз бен қыркүйекте арамшөптер әсер етуі мүмкін. Ағаштар – сәуір, мамыр, шабындық дәнді-дақылдар – маусым, шілде, арамшөптер – тамыз, қыркүйек. 2023 жылғы есептік көрсеткіш бойынша елде бір ғана клиникалық-диагностикалық зертханаға маусымдық аллергия себептерін анықтау үшін 25 мыңнан астам адам жүгініпті.

Қайрат Қиықбаев, аллерголог-иммунолог:

Ең бірінші аллергияның себебін анықтап алу қажет. Көбінесе аллергияны қазір симптоматикалық түрде емдейді. Яғни, симптомын басатын ғана дәрілер береді. Олар уақытша әсер етеді. Аллергияны жазу үшін негізі себебіне қарсы ем жасау керек. Мысалы бірнәрсеге аллергия болса, иммуножетіспеушілік қой, сондықтан организмнің қарсы тұру қабілетін көтеру керек. Сол үшін аллергендерден біз дәрі жасаймыз, аллерговакцинация өткіземіз.

 Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесі бойынша халықтың шамамен 30-35%-і маусымдық аллергияға шалдығады. Жыл сайын қайталанатын бұл ауруды қыста емдеген тиімді.

«Сол кезде теріге сынама жасалып, ауру себебі анықталады да, жазда қозуының алдын алуға болады», - дейді дәрігер.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#аллегргия #маусымдық ауру #Демікпе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Almaty Summer Fest жобасының екінші концерті өтті

Бүгін 11:32

Бүгін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күн құбылмалы болады

Бүгін 11:29

«Алаяқтардың басты қаруы – адамның сенімі»: интернеттегі қауіптен қалай қорғанамыз?

Кеше 17:19

10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары

Кеше 17:10

Алматыда Масанчи көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 16:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);