Әлихан Смайылов: отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажет

Әлихан Смайылов: отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажет Сурет: Primeminister.kz

Перспективалы газ және газ конденсаты кен орындарын игеру, өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету шаралары, шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту. 


Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесті осы мәселелер қаралды, деп хабарлайды Almaty-alkshamy.kz Primeminister.kz cайтына сілтеме жасап. 


Сонымен қатар кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты талқыланды. 


Премьер-Министр өткен жылыту маусымдағы тәжірибеге сүйене және цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты. Бұл тәсіл сауда-саттықты реттеуге, көмірді тұтынушылар арасында біркелкі бөлінуін қамтамасыз етуге және сұраныс артқан кезеңде бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермейді. 


Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, «Қазақстан темір жолы» және «QazaqGaz» ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20

19:56

17:41

16:38

15:06

14:32

12:33

11:15

10:33

09:24

18:10

17:58

17:46

17:17

17:07

16:41

16:24

16:17