AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Әлихан Смайылов Иран Президентімен кездесті

Әлихан Смайылов Иран Президентімен кездесті

Саясат 27.04.2023, 08:10 1,680
Әлихан Смайылов Иран Президентімен кездесті
Сурет: Primeminister.kz

Мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайы талқыланды


Тегеранда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисидің кездесуі өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Кездесу барысында Әлихан Смайылов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, Қазақстан-Иран қарым-қатынастарын дамыту мәселесі еліміздің күн тәртібінде ерекше орын алатынын атап өтті.  



«Қазір екі елдің үкіметтері жоғары деңгейде алға қойылған міндеттерді нақты жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Биылғы жыл екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастығымыздың жоғары нәтижелерімен ерекшеленетініне сенімдімін», — деді Премьер-Министр. 



Атап айтқанда, биыл Тегеранда ауыл шаруашылығы бойынша Қазақстан-Иран жұмыс тобының бірінші отырысын өткізу жоспарланған. Бұл екі ел арасындағы АӨК саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін бермек. Сонымен қатар сауда бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында Қазақстанның Ирандағы арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды. 


Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#смайылов #Тегеран #Иран
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:36

Тоқаев Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 15:34

Мемлекет басшысы Rhenus Group басқарма төрағасын қабылдады

Бүгін 15:31

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);