AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақ...

Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақстанда ірі автожол жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады

Оқиға 11.08.2022, 14:10 1,018
Әлихан Смайылов ABG компаниясының басшысымен Қазақстанда ірі автожол жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады
Сурет: primeminister.kz

ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын жүзеге асыруға ниет білдірді


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Al Badie Group for Trading and Investment (ABG) компаниясының бас директоры Халед Мохамед Аль Бадимен кездесу өткізді, онда автомобиль жолдарын салу саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.


ABG компаниясы еліміздегі ірі автожол жобаларын, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдарды жаңғыртуды қаржыландырып, оларды жүзеге асыруға ниет білдірді.


Премьер-Министр бүгінде араб инвесторларының Қазақстанға деген қызығушылығының артып келе жатқанын атап өтті. Үкімет басшысының айтуынша, бұған таяуда Мемлекет басшысының БАӘ-ге сапары ықпал етті.



«Біз шетелдік серіктестердің әрбір ұсынысын жоғары бағалаймыз, сондай-ақ инвестицияларды қорғау және қолайлы іскерлік ахуалды қамтамасыз ету бойынша барлық міндеттемелерімізді орындаймыз», — деді Әлихан Смайылов. 



Өз кезегінде Халед Мохаммед Аль Абади ABG компаниясының әлемнің көптеген елдерінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды табысты іске асыруда тәжірибесі бар екенін айтты.



«Екі ел басшыларының белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастардың қарқынды дамуы біздің Қазақстанға келуімізге себеп болды. Біз автожол жобаларын іске асыруды инвестициялауға мүдделіміз, сондықтан Қазақстан Үкіметімен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істегіміз келеді», — деді Халед Мохамед Аль Бади.



Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр компанияның ұсыныстарын тиісті мемлекеттік органдардың мұқият зерделеп, пысықтайтынын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үкімет #ABG компаниясы #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Дональд Трамп Тоқаевқа құттықтау хат жолдады

Бүгін 11:14

Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

Бүгін 11:02

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Бүгін 09:30

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

Бүгін 08:00

Елена Рыбакина US Open жеңімпазы атанды

Бүгін 05:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);