конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / “Алғыс ағашы” акциясы

“Алғыс ағашы” акциясы

Барлығы 01.03.2025, 15:14 1,045 yakiya
“Алғыс ағашы” акциясы
aqshamnews.kz

Көктемнің алғашқы шуақты күнімен қатар келген Алғыс айту күніне орай Алатау ауданының комьюнити орталығында ерекше акция өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараның басты мақсаты – адамдар арасында ризашылық сезімін арттырып, жылы қарым-қатынасты нығайту.

Комьюнити орталығының координаторы Даркенбай Дамир:
“ Бұл акция қатысушыларға жақындарына, әріптестеріне, достарына алғыс білдіру мүмкіндігін сыйлайды. Арнайы дайындалған ағаш бейнесіндегі баннерге келген қонақтар өздерінің жылы лебіздері мен алғыс сөздерін түрлі-түсті стикерлерге жазып, жапыстырады. Осылайша, әрбір қатысушы ризашылық білдіру арқылы ортақ жылулық пен мейірімділік атмосферасын қалыптастырады деп білемін” -дейді.

Іс-шараға әртүрлі жастағы адамдар қатысты. Бірі ата-анасына алғыс білдірсе, енді бірі ұстаздарына, достарына, әріптестеріне ризашылықтарын жазды. Көпшілігі бұл акцияның адам бойындағы жақсы сезімдерді оятып, рухани байланыстарды нығайтуға көмектесетінін де атап өтті.

Бұл қоғамдық шараның маңызы қандай?
“Алғыс ағашы” сынды акциялар адамдардың бір-біріне деген құрметі мен ықыласын арттырып, қоғамдағы жылулықты еселей түседі. Мұндай іс-шаралар тек бір күндік емес, адамдардың күнделікті өмірінде де алғыс айтуды әдетке айналдыруына ықпал етеді.Алатау ауданының комьюнити орталығы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #алғыс #ағаш
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда бір ай ішінде экологиялық талаптарды бұзған 200-ге жуық көлік анықталды

Бүгін 11:08

Нұржан Жақыпов: «Жаңартылған конституция мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысын арттырады»

Бүгін 11:03

Ғазиз Төлебек: Жаңартылған конституция туризмді дамытуға сеп болады

Бүгін 11:01

Қазақстан Халық партиясының Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты мәлімдемесі

Бүгін 10:57

Алматыда «Конституция – балалар көзімен» аудандық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

Бүгін 10:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);