AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алғашқы кинематографиялық саябақ Алматының Бостанд...

Алғашқы кинематографиялық саябақ Алматының Бостандық ауданында ашылады

Алматы Бүгін 15:52 37
Алғашқы кинематографиялық саябақ Алматының Бостандық ауданында ашылады
Алматы әкімдігі

Бостандық ауданында саябақтар, жағалаулар, көшелер мен аулаларды жаңарту жұмысы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ірі жобалардың қатарында Бірінші Президент саябағын қайта жаңғырту, Үлкен Алматы мен Есентай өзенінің жағалауын абаттандыру, «Қазақфильм» шағын ауданындағы кинематографиялық саябақ пен Жапон бағын құру, тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу жұмысы бар. Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан әкімі Азамат Қалдыбеков осы шаруаның қалай қолға алынғанын баяндап берді.

Спикердің айтуынша, негізгі нысандардың бірі – Бірінші Президент саябағы. Кешенді қайта жаңғырту жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр, жаңартылған саябақты 2027 жылы толық ашпақ ойда. Мұнда жол мен жаяу жүргіншілер бағыты жаңартылып, гранит төсем мен ағаш экосоқпақ төселеді, автоматты суару жүйесі жаңартылады, тоғандар тазартылып, үш жинақтаушы резервуары бар су айдыны жасалады. Сонымен қатар Әл-Фараби даңғылы жағындағы негізгі кіреберіс тобы мен колоннада, орталық субұрқақ пен арка алдындағы алаңды қайтадан жаңартады.

«Бірінші Президент саябағындағы жұмыс кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Қайта жаңғыртудың басты қағидаты – табиғи әлеует пен жасыл қорды сақтау. Сондықтан жоба инфрақұрылымды жаңартумен қатар, су нысандарын қалпына келтіруді де көздейді. Саябақ өзінің жасыл қалпын сақтай отырып, жаңа сапаға ие болуы тиіс», – деді Азамат Қалдыбеков.

Әл-Фараби даңғылы мен Дулати көшесінің қиылысында Flow Park құрылысы аяқталды. Аумағы 6,6 гектар болатын саябақты демеушілердің қаражатына жасады. Кеңістікті құруға шамамен 3 млрд теңге бағытталды, бюджеттен қаржы жұмсалған жоқ. Мұнда скейт-аймақ, памп-трек, BMX трассалары, веломектеп пайда болды. Сонымен қатар 700 түптен астам ағаш егілді.

Үлкен Алматы өзенінің жағалауын абаттандыру бойынша құрылыс-монтаж жұмысы да бітті, нысанды қазір ресми қабылдауға дайындап жатыр. Есентай өзенінің жағалауында демеушілердің 11 млрд теңге көлеміндегі қаражаты есебінен қайта жаңғырту жобасы қолға алынды. Қазіргі уақытта орындалған жұмысты қабылдау рәсімі жүргізіле бастады.

«Қазақфильм» шағын ауданында елдегі алғашқы кинематографиялық саябақты құрудың бірінші кезеңі басталды. «Қазақфильм» киностудиясының аумағында дайындық пен демонтаж жұмысы басталды. Болашақ қоғамдық кеңістік Қазақстан киносының тарихына арналады.

Тағы бір жоба жеке қаражат есебінен Ганди көшесіндегі алаңқайда жүзеге асырылды. Аумақты абаттандыруға 2,2 млрд теңге бағытталып, жұмыстың негізгі бөлігі аяқталды. Қазір алаңқайдың қалған бөлігін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталып кетті. Сондай-ақ Республика алаңын субұрқақ аймақтарымен кешенді абаттандыру толық аяқталды. Жаңартылған кеңістікті қала тұрғындары мен қонақтарға арнап ашып қойды.

Қаладағы жаңа жобалардың бірі – Сәтбаев көшесінен Абай даңғылына дейінгі Масаншы көшесінің бойындағы алғашқы гастрономиялық көше. Қала күніне орай мұнда ұзындығы 413 метр болатын жартылай жаяу жүргіншілер кеңістігі ашылды. Мұнда кеңейтілген тротуарлар, веложолдар, жазғы террасалар, арт-нысандар мен жаңа жарықтандыру жүйесі орнатылған. Аудан әкімдігінің тапсырысы бойынша 16 үйдің қасбеті жөнделді.

«Масаншы гастрономиялық көшесін абаттандыру жұмысы қала, аудан және бизнестің бірлескен жұмысын қажет ететінін көрсетті. Мұндай тәсіл дамуы күш-жігерді біріктіруге байланысты барлық салада қолданылуы керек. Дәл осындай үйлесімді жұмыс жаңа тартылыс нүктесін құрып, қалаға жаңа даму серпінін беруге сеп болады», – деп толықтырды сөзін аудан әкімі.

Магистральды көшелерде де ауқымды абаттандыру жұмысы жүргізіліп жатыр. Аудан әкімдігінің мәліметінше, Алматыдағы көшелерді абаттандыру жұмысының жалпы көлемінің 80%-ы Бостандық ауданына тиесілі. Жалпы ұзындығы 34 шақырым болатын сегіз негізгі магистраль, оның ішінде Розыбакиев, Жароков, Сәтбаев, Тимирязев, Жандосов көшесі, Сейфуллин, Назарбаев пен Абай даңғылы кешенді түрде жаңартылып жатыр.

Жеті көшедегі негізгі жұмысты жыл соңына дейін аяқтайды. Жұмыс көлемінің ауқымын ескере отырып, Абай даңғылын абаттандыру 2027 жылы аяқталмақ. 2027 жылға Назарбаев даңғылында осындай жұмыс істеледі. . Бұқар жырау көшесін абаттандыру мәселесі келер жылы қолға алынбақшы.

Алматыда Сәтбаев пен Шағабутдинов көшесінің арасындағы аумақта Жапон бағы да құрылады. Аумағы 2,5 гектар болатын жерде дайындық пен демонтаж жұмысы басталды. Жоба демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асады. Мұнда бамбук тоғайы, тас бағы мен су нысандары пайда болады. Негізгі жұмысты 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

Оңтүстік саябақтың солтүстік бөлігіндегі құрылыс-монтаж жұмысы аяқталды, нысан қабылдау рәсімінен өтіп жатыр. Саябақтың оңтүстік бөлігі бойынша жоспарланған жөндеу жұмысына қажетті шаралар анықталды. Келер жылы Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысындағы көпір астындағы аумақты абаттандырады. Сәтбаев көшесін абаттандыру жобасы аясында мұнда скейт пен стритболға арналған орындар, ашық граффити галереясы пен қолайсыз күн райынан қорғалған кеңістігі бар жыл бойы жұмыс істейтін жастар хабын құру жоспарланып отыр.

«Біз креативті экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлеміз. Сәтбаев пен Байзақов көшесінің қиылысындағы көпір астындағы кеңістік жай ғана өткел емес, толыққанды жыл бойы жұмыс істейтін жастар хабына айналады. Мұнда жастар үшін әр маусымда қолжетімді спорт пен шығармашылық инфрақұрылымы пайда болуы тиіс», – деді Азамат Қалдыбеков.

Ауданда аулаларды жөндеу жұмысы да жалғасты. Қазір 12 аулада ағымдағы жөндеу жүргізіліп жатыр. Мұнда 15 мың шаршы метр жолдағы шұңқырларды жөндеп, балалар алаңындағы 8 мың шаршы метр резеңке жабын жаңартылып, 500 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылды. Алты аулада күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Тағы 25 аула аумағына бизнес өкілдерінің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.

Сәулеттік жарықтандыруы бар 70 тұрғын үйдің қасбетін жаңарту жұмысы да аяқталып қалды. 45 көппәтерлі тұрғын үйде құрылыс-монтаж жұмысы бітті, тағы 25 нысанда жұмыс соңғы кезеңге өтті. 2027 жылы тағы 59 үйдің қасбетін жаңартады, қазір осыған қатысты байқау рәсімі жүргізіліп жатыр.

Тағы бір перспективалы жоба – Штраус пен Дунаевский көшесінің аумағындағы Қорғандағы алаңқайды абаттандыру. Жобаны қала әкімдігі мен Қоғамдық кеңістіктер басқармасы қарастырып жатыр. Жұмысты жеке инвесторлардың қолдауымен жүргізбек. Жобаны келер жылы бастайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алдымен желіні салып алып, асфальтты кейін төсейміз

Бүгін 15:24

«Халық қатысатын бюджет» аясында Бостандық ауданында 13 жоба жүзеге асады

Бүгін 15:19

Бостандық ауданында бизнестің есебінен абаттандыруға қатысты 26 жоба қолға алынды

Бүгін 15:16

Алматының Бостандық ауданында білім беру мен денсаулық сақтау саласында жаңа нысандар пайда болды

Бүгін 15:11

Алматының Бостандық ауданында Байсейітова көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі

Бүгін 14:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);