AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлеуметтік кодексте қандай инвестициялық мүмкіндік...

Әлеуметтік кодексте қандай инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылған?

Әлеумет 27.06.2023, 09:53 1,205
Әлеуметтік кодексте қандай инвестициялық мүмкіндіктер қарастырылған?
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Биыл 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіндегі бірқатар жаңалықтарды көздейтін әлеуметтік кодекс күшіне енеді. Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингіне қатысқан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілдері олардың ең маңыздыларына тоқталды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«2023 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Салымшы жоғарыда аталған жинақтарының 50% дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы», - деді «БЖЗҚ»  АҚ басқарма төрағасы Жапнат Құрманов.



Қазір нарықта осындай бес компания жұмыс істейді: 
• "First Heartland Jusan Invest" АҚ
• "BCC Invest" АҚ - "Банк ЦентрКредит"АҚ еншілес ұйымы
• "Halyk Global Markets" АҚ ("Қазақстан Халық Банкі" АҚ ЕҰ)
• "Сентрас Секьюритиз" АҚ
• "Halyk Finance" Қазақстан Халық Банкі ЕҰ" АҚ.



«Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік Ұлттық Банктің (ҚРҰБ) басқаруындағы жинақтар бойынша ғана беріледі. Салымшы жинақтарды бір немесе бірнеше ИПБ-ға аударған кезде жинақтардың сақталуы мен табыстылығын осы компаниялар қамтамасыз етеді. Сондықтан, өз жинақтарыңызды ИПБ басқаруына аудармай тұрып, БЖЗҚ сайтынан нарықтағы басқарушы компаниялардың қолданыстағы тізбесін қарап, олардың инвестициялық декларацияларын, инвестициялық қызметтеріне шолуларды, инвестициялау тәжірибесі мен нәтижелерін зерделеп, тәуекелдерді бағалауға кеңес береміз», - деді спикер.  



Сонымен бірге, зейнетақы жинақтарын ИПБ сенімгерлік басқаруынан Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруына қайтару мүмкіндігі берілетін мерзім 2 жылдан 1 жылға дейін қысқарады.



«Бұған дейін жасалған зейнетақы аннуитеті шарты болған жағдайда, ИПБ сенімгерлік басқаруына беруге қолжетімді зейнетақы жинақтарының мөлшері өзгеріссіз қалады – салымшының ЖЗШ-дағы зейнетақы жинақтары сомасының 100%», - деді спикер.



Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару, сондай-ақ, жинақтарды Ұлттық банктің басқаруына қайтару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. Оны БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинет арқылы не БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне өзі жүгінген кезде беруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет #кодекс #Құрманов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);