ffin.kz

Әлеуметтік кодекс

Әлеуметтік кодекс med122.com

жұмыс істейтін халықтың мүддесін көздейді


Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі әділ әлеуметтік саясат үшін негіз болады және әрбір адамның туғаннан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейінгі өмір жолының кезеңдеріне сәйкес, барлық адамда бірдей бола бермейтін қажеттіліктерден туындауы мүмкін іс-шараларды (өмірлік қиын жағдайдағы адамдар үшін әлеуметтік кепілдіктер) көрсете отырып құрылған.


Кодексте қазіргі кездегі әлеуметтік қолдаудың барлық әлеуметтік кепілдіктері мен нысандарының, оның ішінде азаматтарды зейнетақылармен және жәрдемақылармен, сондай-ақ «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ арқылы тағайындалатын әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету сақталғанын атап өткен жөн.


Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрлі жағдайы басталған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.


Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық принципіне негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады.



  • Биылғы қаңтар-сәуір айларында Алматы қаласы бойынша Қорға 26,9 млрд теңге сомасына 857 622 адам үшін әлеуметтік аударымдар түсті, ал Қордан әлеуметтік төлемдерді 20,8 млрд теңге сомасына 61 077 адам алды.


 


***


Қордан еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем мүгедектігі бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға медициналық-әлеуметтік сараптама жалпы еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін 30%-дан 100%-ға дейін белгілеген күннен бастап оның бүкіл кезеңіне еңбек қызметін жалғастыруына қарамастан жүргізіледі.


Әлеуметтік төлемнің мөлшері кейінгі 2 жылда Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріске, сондай-ақ еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесінің, жүйеге қатысу өтілінің және кірісті алмастыру коэффициенттеріне байланысты болады.



  • 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қордан аталған төлемді қала бойынша 1,3 млрд теңге сомасына 7552 адам алды.


 


***


2023 жылғы 1 шілдеден бастап мүгедектігі бар адамдарға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5%-ға арттырылады және бұл төлемдердің биылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар мен  төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23%-ды құрайды.


Қордан асыраушысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем асыраушысынан айырылуы бойынша бюджет қаражаты есебінен төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. Төлемге құқық қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушысының асырауындағы отбасы мүшелеріне асыраушы қайтыс болған күннен бастап туындайды. Төлем асырауындағы адам 18 жасқа толғанға дейін, ал күндізгі оқу нысаны бойынша оқуды жалғастырған жағдайда 23 жасқа дейін жүзеге асырылады.


Әлеуметтік төлемнің мөлшері кейінгі 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген қайтыс болған асыраушының кірісіне, сондай-ақ кірісті алмастыру, асырауындағы адамдар санының және жүйеге қатысу өтілінің коэффициенттеріне байланысты болады.



  • Биылғы қаңтар-сәуір айларында Алматы бойынша Қордан аталған төлемді 771,9 млн теңге сомасына асыраушысынан айырылған 4436 отбасы алды.


 


***


2023 жылғы 1 шілдеден бастап асыраушысынан айырылған отбасыларға берілетін жәрдемақылар мен төлемдер 14,5%-ға артады, бұл төлемдердің биылғы 1 қаңтардан бастап 8,5%-ға өсуін ескере отырып, жәрдемақылар мен төлемдердің жылдық мәндегі өсуі 23%-ды құрайды.


Әлеуметтік тәуекел туындаған кезде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, оның ішінде оның отбасы мүшелері, асыраушы қайтыс болған жағдайда базалық жәрдемақылар мен Қордан төлемдер алатынын ескерсек, оның әлеуметтік қорғалуы жұмыс істемейтін адамға қарағанда жоғары болады.


Қордан жұмысынан айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушысы халықты жұмыспен қамту туралы заңнамаға сәйкес жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындалады.


Әлеуметтік төлемнің мөлшері кейінгі 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының кірісіне, табысты алмастыру (45% немесе 0,45) және жүйеге қатысу өтілінің коэффициенттеріне байланысты болады.


Төлем жүйеге қатысу өтіліне байланысты 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады.



  • 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қордан аталған төлемді шаһар бойынша 1,2 млрд теңге сомасына 5372 адам алды.


 


***


Қордан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайларына төленетін әлеуметтік төлем еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс күнінен бастап тағайындалады. Төлем еңбекке уақытша жарамсыздық парағының барлық кезеңіне жүзеге асырылады.


Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген кіріске және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.



  • Биылғы қаңтар-сәуір айларында Алматы қаласы бойынша 9659 алушыға аталған төлем шамамен 9,7 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды.


***


Қордан бір жарым жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайына төленетін әлеуметтік төлем бала туған күннен бастап бала күтімін іс жүзінде жүзеге асыратын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына тағайындалады. 


Әлеуметтік төлемнің мөлшері кейінгі 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген жүйеге қатысушының кірісіне және кірісті алмастыру коэффициентіне (40% немесе 0,4) байланысты болады.



  • 2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында аталған төлемді Алматы қаласы бойынша Қордан 7,8 млрд теңге сомасына 34 058 адам алды.


 Әзірлеген Нұржамал ӘЛІШЕВА.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04