AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Әлеуметтік желіде даулы жазба қалдырған 22 жастағы...

Әлеуметтік желіде даулы жазба қалдырған 22 жастағы қыз 7 жылға сотталуы мүмкін

Заң мен тəртіп 22.07.2025, 17:30 619 Сұлу
Әлеуметтік желіде даулы жазба қалдырған 22 жастағы қыз 7 жылға сотталуы мүмкін
Сурет: Polisia.kz

Қарағандының 22 жастағы тұрғыны Threads әлеуметтік желісіндегі ұлтаралық араздықты қоздыруға қатысты іс бойынша қамауға алынды. Бұл туралы Қарағанды облыстық полиция департаменті мәлім етті, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz.

Ведомствоның мәліметінше, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Threads желісінде Қарағанды тұрғынының жариялаған жазбасын анықтаған. Тексеру нәтижесінде бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі (араздықты қоздыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция департаменті мәліметінше, соталды тергеу барысында күдіктінің елден кетуге ниетті екені туралы ақпарат алынған.

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында 22 жастағы қарағандылық бойжеткен Threads әлеуметтік желісінде ұлтаралық араздық белгілері бар жазба жариялағаны анықталды. Тергеу органдарына оның елден шығуға дайындалып жатқаны туралы мәлімет жеткеннен кейін, оны қамауға алу туралы өтініш түсірілген", – деп хабарлады ведомстводан.

Қылмыстық кодекстің 174-бабына сәйкес, 2 000-нан 7 000 АЕК-ке дейін (7 863 000 – 27 524 000 теңге) айыппұл салу, не бостандығын шектеу, не екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

22 шілдеде Қарағанды қаласының тергеу соты тергеу органының өтінішін қанағаттандырды. Тергеу аяқталғанға дейін күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазір соталды тергеу жалғасып жатыр, қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұған дейін бойжеткеннің жазбалары әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көптеген қолданушы оларды қорлайтын деп санаған. Кейін сыннан кейін бойжеткен видео жазып, жазбалары арқылы ренжігендердің барлығынан кешірім сұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарағанды облысы #Ұлтаралық алауыздық #сотталу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика