AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша...

Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

АЭС: Референдум 07.09.2024, 12:16 1,715
Әлеуметтанушылар Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды
amanatpartiasy.kz

Қазақстандықтардың 57,8%-ы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысуды жоспарлап отыр. 59,3%-ы АЭС құрылысына қолдау білдірді. Бұл —Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері.

Қоғамдық саясат институты 2024 жылдың 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу жөнінде референдумға қазақстандықтардың көзқарасын зерттеуге бағытталған экспресс-сауалнама жүргізді. Зерттеуге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 2000-нан астам тұрғын қатысты, олардың арасында жастар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері бар.

Институт директоры Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, 2024 жылғы 6 қазанда өтетін республикалық референдум туралы жалпы алғанда респонденттердің 74,6%-ы хабардар. Сауалнамаға қатысушылардың 57,8%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отыр, ал 59,3%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдайды. Дегенмен, ел тұрғындарының АЭС құрылысы туралы пікірлері әлі де қалыптасу үстінде екенін атап өткен жөн.

«Біздің зерттеуіміз халықтың басым бөлігінің алдағы дауыс беру туралы хабардар екенін және референдумға белсенді қатысуды жоспарлап отырғанын көрсетті. Азаматтардың жоғары деңгейде хабардар болуы және қатысуы атом электр станциясын салу мәселесі қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық пен қызу талқы тудырып жатқанын білдіреді. Бұл деректер шешім қабылдау маңызды рөл атқарады, өйткені референдумның міндеті – барынша ашықтықты қамтамасыз ету және елдің әрбір тұрғынының пікірін ескеру,» – деп атап өтті.

Сауалнама барысында «face-to-face» әдісі қолданылды, ол Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Медет Өмірзақовтың айтуынша, деректерді жинаудың ең дәл әдістерінің бірі болып табылады.

«Деректерді жинау Е-аналитика жүйесі негізінде қағазсыз түрде жүргізілді, сауалнама процесі автоматты түрде тіркеліп отырды. Бұл әдіс респондентпен жеке бетпе-бет сұхбатты білдіреді, ол бізге оның жауаптарымен қатар реакциясын, сұхбаттың өткізілу ұзақтығын және GPS-координаттарын тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл деректердің сапасын арттырып, сауалнаманың дәлдігін бақылауға көмектеседі. Біз сондай-ақ сұхбат уақытын бақылау және қосымша сұрақтарын қою сияқты әртүрлі тексеру әдістерін қолданамыз», – деді ол.

Қоғамдық саясат институтының сарапшылары сөз соңында мұндай әлеуметтік зерттеулер қазақстандықтардың жағдайды жақсырақ түсініп, негізделген шешімдер қабылдауына көмектесетінін атап өтті.

*Сауалнама ҚР заңнамасының нормаларын сақтай отырып жүргізілді. ҚР ОСК № ОСК-08-18/1200 4.09.2024 ж. қоғамдық пікірді зерттеу туралы хабарламасы.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #Сауалнама #аманат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);