Жуырда Condé Nast Traveler журналы өзінің беделді жыл сайынғы Readers’ Choice Awards премиясының биылғы нәтижелерін жариялады. Оның нәтижесі бойынша, алғаш рет Қазақстан тарихында The Ritz-Carlton, Astana әлемнің ең үздік 50 қонақүйінің қатарына еніп, Солтүстік Азия өңірінде бірінші орынға ие болды. Aqshamnews.kz тілшісі осындай жетістікке жеткен қонақүй өкілдерінен пікір алып, осы нәтижеге қатысты ойларын білді.
Condé Nast Traveler биыл оқырмандарынан 757 000-нан астам дауыс жинап, әлем саяхатшыларының тәжірибесі мен әсерлеріне сүйене отырып, үздік бағыттар мен қонақүйлер тізімін жасады.
Readers’ Choice Awards - саяхат индустриясындағы ең беделді және ең ұзақ тарихы бар марапаттардың бірі. Жеңімпаздар қонақүйлер, курорттар, қалалар, әуе компаниялар, круиздер, СПА және басқа да санаттар бойынша таңдалады. Әлемдік деңгейдегі үздік қонақжай брендтердің қатарынан көріну - The Ritz-Carlton, Astana үшін зор жетістік әрі Қазақстан астанасының халықаралық туризм картасындағы беделін арттырған маңызды оқиға.
The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінің бас директоры Карим Таяч марапат туралы былай деді:
"Condé Nast Traveler оқырмандарының таңдауы бойынша Солтүстік Азиядағы ең үздік қонақүй атану - біздің командамыздың кәсібилігі мен адалдығының айқын дәлелі. Біздің миссиямыз - қонақтарға күткенінен асып түсетін әсерлі сәттер сыйлау. Әрбір қызметіміз - талғампаздық, жайлылық және шынайы қамқорлықтың үйлесімі. Біздің қонақтарымызға көрсеткен сенімі үшін, ал командамызға үнемі жаңа стандарт орнатып жүргені үшін алғыс білдіремін".

Астананың жүрегіндегі талғампаздықтың символы
Қазақстандағы алғашқы The Ritz-Carlton бренді елдегі қонақжайлық мәдениетіне жаңа деңгей әкелді.
Қонақүйдің 157 сәнді нөмірлері мен люкстері қаланың панорамалық көрінісін ашып, іскер саяхатшылар мен туристер үшін ең таңдаулы орынға айналды.
Гастрономиялық тәжірибе
- Mökki мейрамханасы - маусымдық мәзір, жергілікті дәмдер және әлемдік классика.
- Өzen Lobby Lounge - талғампаз атмосфера мен таңдаулы сусындар.
- Mökki Terrace - ашық аспан астындағы кештер, тікелей музыка және қаладағы ең стильді әлеуметтік алаңдардың бірі.

Қызмет көрсету - жоғары өнер
The Ritz-Carlton философиясының негізі - әр қонақты ерекше қарсы алу және оның қажеттіліктерін алдын ала сезіну. Мұнда қызмет ететін әрбір жан қонақтардың әрбір сәтін есте қаларлық етуге тырысады. Әрбір қонақты кіргеннен жылы шырай танытып, қарсы алып, жылы жүзбен шығарып салады.
Жетістікке жетелейтін марапат
Condé Nast Traveler 2025 Readers’ Choice Awards нәтижесі бойынша әлемдік үздіктер қатарынан көріну - The Ritz-Carlton, Astana үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін тарихи оқиға.
Бұл жеңіс қонақтардың сенімін, қызметкерлердің адалдығын және отельдің кемелдікке деген ұмтылысын білдіреді.
The Ritz-Carlton, Astana қонақүйінің мұндай халықаралық деңгейде мойындалуы - елдегі қонақжайлық саласының дамуы жолындағы жаңа кезең және Астананың әлемдік саяхатшылар үшін тартымды бағыт екенін айқын көрсетті.
The Ritz-Carlton, Astana - заманауи дизайн мен ұлттық мұра элементтерін шебер үйлестірген сәнді қонақүй. Ол 2017 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазір мұнда 350 қызметкер оның беделі үшін барын салып еңбектеніп келеді.
Жеке қызмет көрсету мәдениеті мен әр детальға мұқият мән беру қонақүйді Қазақстандағы мәртебелі әрі талғампаз демалыстың үлгісіне айналдырды.