AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемнің 8 елі криптовалютаға мемлекеттік деңгейде...

Әлемнің 8 елі криптовалютаға мемлекеттік деңгейде иелік етеді

Әлем 27.01.2025, 09:20 750 dulatbekova
Әлемнің 8 елі криптовалютаға мемлекеттік деңгейде иелік етеді
Cурет: Islam.kz

Соңғы дерек бойынша Америка құрама штаттары мен Қытай халық республикасы иеленген биткоин мөлшері алдыңғы қатарлы мемлекеттерге айналған.

 Бұл жайында islam.kz порталы cryptonews.net ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Аталған екі мемлекет те 190 000+ден аса биткоинге иелік етеді. Өзге мемлекеттерге келсек, Ресей Федерациясы өз қорын айыпталған тұлғалардың цифрлы активтерін тәркілеу есебінен толытырып отырады. Осыған байланысты бұл елде қанша виртуалды валютаның бары туралы нақты мәлімет жоқ.

Бүгінде биткоин капиталы шамамен 2 трлн долларды құрайды, бұл көрсеткіш 18 трлн долларға бағаланған алтын капиталының шамамен 11%-ына тең. Көптеген сарапшылар биткоинды келесі себептерге байланысты ақшаның озыық үлгісі ретінде санайды:

-  Орталықсыз сипаты (яғни, кәдімгі ақша секілді мемлекет түріндегі бір орталықтан бақыланатын валюта емес) және ұсынысы шектеулі: биткоин де алтын секілді белгілі бір мөлшермен шектелген – бар-жоғы 21 млн тиын. Бұл шектеулі мқлшері оның құнсыздануынан, инфляциядан сақтайды;

-  Бөлінуге келетіндігі: биткоинды ең кішкентай бөліктерге (8 ондық белгіге дейін) бөлуге болады, бұл артықшылығы шағын транзакцияларды жүргізуді жеңілдетеді;

- Тасымалдылығы: биткоинның сандық сипаты нақты кедергісіз бүкіл әлем бойынша айналуын ққамтамасыз етеді;

- Өзара ауыстыруға келетіндігі және жалған ақша секілді жасанды түрін жасаудың мүмкін еместігі: биткоин монетасы екіншісіне ұқсас, осыған орай криптографиялық әдістің арқасында жасандысын жасау мүмкін емес.

Осы артықшылықтарды ескере отырып, кейбір сарапшылар алтын қоры бар елдер биткоин бойынша өз қорын кемінде 11%-ға жеткізуге кеңес беріп отыр. Ол аз десеңіз, алдағы 5-10 жылда биткоиндерді капиталға айналдыру көрсеткіші алтынды капиталдандырудан асуы мүмкін. АҚШ-тың стратегиялық биткоин қоры құрылғаннан кейін G20-ның басқа елдері бұдан үлгі алып, өздерінің ұлттық қорына криптовалютаны да кіріктіруі ықтимал.

2025 жылдың қаңтар айының 25-і күнгі дерек бойынша биткоиннің бағасы 102 378 долларға жеткен. Салыстыру үшін алсақ, алтын бағасын көрсететін SPDR Gold Shares ETF (GLD) құны 255,65 долларды құраған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#криптовалюта #мемлекеттік деңгей #иелік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);