Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫ...

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Әлеумет 04.03.2026, 21:47 141
ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы ІІМ «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі


UAE SWAT Challenge халықаралық жарысында қазақстандық арнайы жасақтар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, әлемнің үздік командаларының қатарынан көрінді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы ІІМ
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл беделді сайыста еліміздің арнайы жасақтары, соның ішінде «Томирис» әйелдер тобы да ерекше шеберлік танытып, жүлделі орындармен оралғаны белгілі.
Қазақстан құрамасының сапында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери қызметшілері де өнер көрсетті. Олардың қатарында майор Диас Ахметбаев пен прапорщик Ақыл Новаев  бар.Жарыстан оралғаннан кейін аталған әскери қызметшілер Талдықорған қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында әскери қызметшілер халықаралық жарыстың ерекшеліктері, қатысушыларға қойылатын талаптар және командалық дайындықтың маңызы туралы айтып берді.

Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтар да аз болған жоқ. Жастар әскери қызметтің қыр-сыры, арнайы жасақтардың дайындығы және халықаралық жарыстарға қатысу тәжірибесі жөнінде қызығушылық танытты. Кездесу еркін форматта өтіп, әскери қызметшілер оқушылардың барлық сауалдарына жан-жақты жауап берді.

Майор Диас Ахметбаев жастарға арнаған сөзінде:
«Әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіске жету – тек физикалық дайындықтың емес, тәртіптің, табандылықтың және командалық рухтың нәтижесі. Егер адам алдына мақсат қойып, соған жүйелі түрде еңбектенсе, кез келген биікті бағындыруға болады», – деп атап өтті.
Кездесу соңында оқушылар әскери қызметшілерге алғыс айтып, естелік суретке түсті. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, сондай-ақ олардың ел қорғаны болуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал ететіні сөзсіз.
 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық белбеуінен айырылды

Бүгін 09:42

Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізіледі?

Бүгін 09:30

Алматыда қалың қарға байланысты коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Бүгін 09:19

Мүгедектігі бар 90 мыңнан астам қазақстандық республикалық референдумда қолайлы жағдайда дауыс бере алады

Кеше 19:31

Референдум-2026: зағип жандар дауыс беру учаскелерінде жаңа Конституцияның аудио нұсқасына қол жеткізе алады

Кеше 19:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика