AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әлемде COVID-19 ауруының таралуы төмендей бастады

Әлемде COVID-19 ауруының таралуы төмендей бастады

Әлем 07.09.2021, 14:24 938
Әлемде COVID-19 ауруының таралуы төмендей бастады
Сурет: Nts-tv.com

Бүгінгі таңда КВИ жұқтырғандардың саны әлем бойынша 221 млн астам адамға жеткен.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тамыздың соңғы күндерімен салыстырғанда әлемде аурушаңдық көрсеткіші төмендегенін айтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап. 


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қыркүйектен бастап әлемде COVID-19 ауруы төмендей бастағанын айтады. Қыркүйектің бірінші аптасында 700 мыңнан астам коронавирус тасымалдаушылары анықталған тамыздың соңғы күндерімен салыстырғанда әлемде аурушаңдық көрсеткіші төмендеді.



Қазір орташа көрсеткіш 600 мың адам деңгейінде қалыптасты. SARS-CoV-2 вирусының таралу қарқыны Оңтүстік Америка мен Оңтүстік Азия елдерінде төмендеді. ДДСҰ мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда әлемде 221 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. 



Әлем бойынша екпе алғандардың саны артып келеді. Ресми мәлімет боынша, Қытайда халықтың 80% - ға жуығы иммундалған. 



«Бүкіл ел бойынша 2,113 млрд екпе жасалды, 1 компонентті алған азаматтар саны 1,095 млрд-қа жетті, халықты қамту үлесі 77,6% - ды құрады», – деді ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитетінің өкілі У Лянъю. 



969 миллион қытай азаматы коронавирустық инфекцияға толығымен егілді. COVID-19 анықталғаннан кейін, Қытай сыртқы және ішкі шекараларды бірден жауып тастады және қазір бұл ел бүкіл әлемде вирус жұқтырған адамдар саны бойынша 109-шы орында. Бүгінгі таңда коронавирустың 95 064 фактісі тіркеліп, 4 636 адам қайтыс болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#COVID-19 #коронавиру #кви
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);