ffin.kz

Әлем және Елбасы

Әлем және Елбасы Egemen.kz

Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 30 жыл! Бұл отыз жылда Ұлы Дала Елі ғасырға бергісіз жолды жүріп өтті. Бүгінде әлемнің өркениетті елдерінің арасында даму­дың ғажайып брендтерінің біріне айналған «Қазақстандық даму моделін» дүние жүзінің са­рапшылары Тұңғыш Президентіміздің есімімен байланыстырады.


Елбасы - әлем көшбасшыларының пікірінше мемлекеттіліктің жаңа тарихи моделін қа­лыптастырған ерекше тұлға. Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бастамалары мен сая­саткерлік тұлғасы жайлы әлем елдерінің көшбасшылары, мемлекет және қоғам қайраткер­лері не дейді? Бүгінгі мерекелік нөмірімізде «Алматы ақшамында» әр жылдары жарияланып жүрген сол пікірлерді оқырмандарымыздың назарына және бір ұсынуды жөн көрдік.


Түркі жұртының ақсақалы


Нұрсұлтан Назарбаев – өз заманының аса көрнекті тұлғасы және түркі жұртының ақсақалы. Біз Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық бастамаларына әрқашанда ашықпыз әрі зор құрметпен қабылдаймыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың барша түркі халықтарының басын біріктіріп, бауырлас түрік елімен қарым-қатынасты нығайтуға сіңір­ген ерен еңбегін атап өтпеуге болмайды.


Реджеп ЕРДОҒАН, Түрік Республикасының Президенті.



Миллиондаған ресейліктер  шынайы құрмет тұтады


Сіз интеграциялық үдерістерде, əсіресе, оның ең мəнді нысандары мен түрлері бойынша сөзсіз көшбасшысыз. Қазақстанның қол жеткізген табыстары Сіздің атыңызбен тікелей байланысты. Сіздің еңбегіңізді өз отандастарыңыз ғана емес, миллиондаған ресейліктер де шынайы құрмет тұтады. Сіз еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің нағыз архитекторы болып есептелесіз.


***


Мені қатты таңқалдыратыны – оның заман тынысын тап басып танитыны. Бұл қасиет – бүгінгі әлемді дөп ба­сып сезіне алатын қасиет оған қайдан дарыған? Ол адал да әділ. Бір мәселелерді талқылағанда, әрдайым қатардағы адамдарға бұл қалай тиеді деп ойлап тұрады.


Владимир ПУТИН,  Ресей Федерациясының Президенті.



Қытай елі жақсы біледі және  аса құрметтейді


Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім шаралары жөнін­дегі кеңестің бастамашысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Біз оның үлкен саяси көрегендігі мен аймақтық қауіпсіздік пен əлемдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуді өзінің парызы санайтын қасиетіне тəнтіміз. АӨСШК-ні құру туралы идеяны алғаш рет Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар­баев 1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясын­да жария еткен болатын. Бұл бастама бүгінде өз өмір­шеңдігін дəлелдеп, Азия елдері арасында беделі биік, абыройы асқақ, ауқымды ұйымға ұласты.


***


Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында біздің ел­деріміздің арасында әріптестіктің мықты іргетасы қалан­ған. Назарбаев елдеріміздің достығын нығайту үшін қан­шама жыл аянбай еңбек етті. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты дамытуға зор үлес қосқан Нұрсұлтан Назарбаевты Қытай елі жақсы біледі және аса құрметтейді.


Си ЦЗИНЬПИН,  Қытай Халық Республикасының Төрағасы.



Түркі әлемінің лидері


Түркия Қазақстанның экономикалық реформаларын жіті қадағалап отырады. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасын­да Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Орталық Азияның жарық жұлдызына – беделді, сенімді әрі қуатты мемлекет­ке айналды. Астананың құрылыс жұмыстарына түрік компаниялары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең əсем нышандарының бірі ретінде бағалаймыз. Нұрсұлтан Назарбаев – Түркі әлемінің лидері.


Абдуллаһ ГҮЛ,  Түрік Республикасының 11-ші Президенті.



Халықаралық қоғамдастықтың  аса беделді саясаткерлерінің бірі


Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адамға сүйіспеншілігі – мұның бəрі де Нұрсұлтан Əбішұлының табиғатына тəн қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдын­дағы жоғары жауапкершілік сезімі оның бойынан əманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақс­танды Кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекет­терінің біріне айналдырды. Қазақстанның əлеуметтік-эко­номикалық саладағы табыстары тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нəтижелерге жете алады, бұл жағы­нан алғанда, Нұрсұлтан Əбішұлы – өз халқының даусыз басшысы. Ол – ТМД мен халықаралық қоғамдастықтың аса беделді саясаткерлерінің бірі деп санауға әбден лайық.


Эмомали РАХМОН,  Тəжікстан Президенті.



«Қазақстанның жолы болды,  оларда Назарбаев бар ғой»


Көптеген әлемдік сарапшылар экономикалық дағда­рыс аяқталған соң Қазақстанды өте тамаша жарқын бо­лашақ күтіп тұрғанын болжап отыр. Олар мұны жүргізіліп жатқан экономикалық реформалармен және елдің шикізат­тық байлығымен байланыстырады. Қазақстанға деген сенімнің кепілдігі – өте танымал жалпыұлттық лидер, экономикалық және әлеуметтік реформалар жүргізуде мол тәжірибесі бар Назарбаев болып табылады. Ол расында да ақыл-парасаты, күш-қуаты жағынан титандық тұлға. Ха­лық арасынан шығып, өз еңбегімен, қажыр-қайратымен жалпыпланетарлық деңгейге көтерілген адам. Бүгінде бұрынғы КСРО аумағында, бүкіл Еуразия құрлығында да саяси қуаты мен ойлау өресі жағынан Назарбаевқа тең келер адам жоқ. 2005 жылы ресейліктер оны ТМД лидер­лерінің арасындағы ең танымал саясаткер ретінде «жыл адамы» деп атады. Содан бері Қазақстан Президентінің беделі жылдан-жылға өсіп келеді. Мен қызмет бабымен Ресей мен Қазақстан аймақтарын жиі аралап жүремін, әңгіме барысында адамдар: «Қазақстанның жолы болды, оларда Назарбаев бар ғой» деген жүрекжарды пікірлері­мен бөліседі. Қазір Нұрсұлтан Назарбаев посткеңестік кеңістіктің басты саяси лидер-интеграторына айналды. Оның мемлекеттердің Евразиялық Одақ форматына бірі­гуі туралы бастамасының өзі неге тұрады. Мен ерте ме, кеш пе, Қазақстан Президенті өз идеяларын жаңа – ме­тамемлекеттік деңгейде жүзеге асырудың тарихи мүмкіндігіне ие боларына сенімдімін. Меніңше, Қазақстан көрсетіп отырған көшбасшылық моделдің табысты дина­микасы әлі көп елдерге үлгі болады.


Юрий СОЛОЗОБОВ,  саясаттанушы.



Көрегендігі мен көшбасшылығы үшін ризашылығымды білдіремін


Мен Назарбаевқа ЭКСПО–2017 арқылы энергетика­лық қауіпсіздік мәселелері бойынша жаһандық үнқатысу­ды ілгерілетудегі көрегендігі мен көшбасшылығы үшін ризашылығымды білдіремін. Өзара құрмет пен ортақ мүдделерге негізделген АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің әрі қарай нығая түсетініне үміттенемін.


Дональд ТРАМП,  АҚШ-тың бұрынғы Президенті.



Ол Қазақстан үшін  көп шаруа тындырды


Біз Қазақстандағы Конституциялық өзгерістерді мұ­қият қарап отырамыз, олар өте жақсы қадам болып табы­лады. Қазақстан өңірді демократиялық болашаққа бастай алады деп санаймыз. Президент Назарбаев мықты лидер, ол Қазақстан үшін көп шаруа тындырды, өңірдің қалай дамуға тиісті екенін нақты білгендіктен Назарбаев Орта­лық Азия үшін де көп нәрсе жасай алады.


Кондолиза РАЙС, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы.



Қалтқысыз құрметтейді


Қытай Қазақстан халқының өзінің ішкі болмысына сәйкес таңдаған даму жолын қалтқысыз құрметтейді. Қа­зақстанның экономикалық дамуға ұмтылу, әлеуметтік тұ­рақтылықты қамтамасыз ету және ұлттық татулыққа қол жеткізу жолындағы күш-жігерін қолдайды.


Ху ЦЗИНЬТАО,  ҚХР Төрағасы (2003–2013 жылдар).



Әсерлі, ықпалды көшбасшы


Мен таңғы сағат үште өз бөлмеме жеткенде, Назар­баевпен өткізген үш сағаттық жүздесуім бұрын болған кездесулердің ішіндегі ең жақсысы екенін сезіндім. Ол әсерлі, ықпалды көшбасшы, оны асыра бағалау мүмкін емес... Назарбаев не қажет екенін жақсы түсінеді және істі қалай жүргізу, оны қалайша жолға қою керектігін нақты түсінеді.


Джеймс БЕЙКЕР, АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы.



Талантты саясаткер және  дана дипломат


Барлық елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтан үлгі алып, оның жолымен жүруі тиіс. Мен БҰҰ-ның Бас хатшысы ретінде ядролық сынақ алаңының қақ жүрегінде тұрып, барлық әлем елдерін Қазақстаннан үлгі алуға ша­қырамын... Мен Семейде болдым. Ол өңірге жасаған са­парым мен үшін баға жетпес тәжірибе. Семей полигонын­дағы сынақтар барысында зардап шеккен миллиондаған адамдардың қасіреті мен ондағы экологиялық ахуалдың қиындықтарын суреттеуге тіл жетпейді. Тіпті, оны елесте­тудің өзі аса ауыр. Егер Сіздің көрегендігіңіз бен басшы­лығыңыз болмаса, кім білсін, қазір де миллиондаған адам сол қасіретті бастан өткеріп жатқан болар ма еді? Мен Сізге Семей ядролық сынақ алаңын жапқан және Қазақстан аумағында барлық ядролық инфрақұрылымдарды жойған ұлттың басшысы ретінде шексіз ризалығымды айтқым келеді… Ядролық сынақтарды тоқтатып, ядролық қарулардан ада болу қажеттігін әлемге жар салып айтушы рөліне Жер бетінде Сізден лайық адам жоқ.


***


Назарбаев әлемдік саясаттағы бітімгер саясаткер. Оның саяси шешімдері әлем басшылары үшін үлгі болуы тиіс.


Пан Ги МУН,  Біріккен Ұлттар Ұйымының бұрынғы Бас хатшысы.



Даналықтың өнегесі


Егер Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ұзақ ғұмырының табиғаты туралы айтар болсақ, ел ішіндегілер де, Қазақстаннан тыс жерлердегілер де Назарбаев билігінің ізгі қасиеттерін санамалайтындығында емес, мәселе мүлдем басқада. Бұл саясаткердің ұмытылмас ұлы күші мен ерек­шелігі мынада – жылдар өткен сайын ол даналықтың өнегесіне айналып, тәжірибелі, жігерлі және креативті бола түседі.


Ролан ДЮМА, Францияның бұрынғы сыртқы қатынастар  министрі.



Тамаша тағылым


Тәуелсіздік алған күннен беріде Қазақстанның айтар­лықтай экономикалық прогреске қолы жетті. Қазіргі кезде нарыққа бағдарланған, ашық та айқын инвестициялық ауан туғызу айрықша маңыз алып келеді. Мұның өзі Қа­зақстанның бүгінге дейін қолы жеткен табыстарын қомақ­ты ете түсуге жәрдемдеседі, сондай-ақ Орталық Азияның басқа мемлекеттері үшін тамаша тағылым болады...


Энтони Чарльз Линтон БЛЭР,  Ұлыбританияның экс-премьер-министрі.



Талантты әрі табанды тұлға


...Қазақстан таңданарлық табыстарға жетті, өз басым мұны мүлде күтпеген едім. Сіздер өздеріңіздің барлық көршілеріңізден озық шықтыңыздар, әрі олардан ғана озып қойған жоқсыздар.


Президент Назарбаев – түрлі республикалардың ішін­дегі кесек тұлға. Қазақстан басшысы – керегінше қатал, қағілез әрі батыл кісі, өзіне тартып тұратын, талантты әрі табанды тұлға, ол бұрынғы Одақтың басқа да республика­лары таныған жетекші. Егер Назарбаев республика басын­да тұрса, Қазақстанның табысқа жету мүмкіндігі көп болмақ.


Ли Куан Ю, Сингапур үкіметінің бұрынғы аға министрі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04