AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әлем елдерін жаяу аралауға шыққан қария Грузияға ж...

Әлем елдерін жаяу аралауға шыққан қария Грузияға жетті

Әлеумет 30.08.2023, 09:16 1,364
Әлем елдерін жаяу аралауға шыққан қария Грузияға жетті
Сурет: Inform.kz

Атыраудан әлем елдерін жаяу аралауға шыққан ақсақал Грузияға жетті.


Ұлытау облысының тумасы Сәрсенбай Қотырашов Грузия Республикасына жеткенін Іnstagram әлеуметтік желісінде бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Кеше Гудауридегі қонақүйге қондым. Мұнда қонақүй, мейрамхана көп, азық-түлік дүкенін көрмейсің. Жолы ылди, шұғыл бұрылыстар бар. Міне, мен қазір таудың баурайында кетіп бара жатырмын. Жолдың бір жағы – жар, бір жағы – ылди», -дейді егде жастағы саяхатшы Сәрсенбай Қотырашов.



Гудаури – Грузияның астанасы – Тбилисиден 120 шақырым қашықтықтағы кент. Оған Тбилисиден көлікпен 2 сағатта жетуге болады.


Саяхаттау ешқашан кеш емес дейтін 73 жастағы ақсақал 2 тамызда Атыраудан жолға шыққан еді.


Егде жастағы саяхатшы жаяу сапарын 2025 жылдың тамызында аяқтауды жоспарлаған. Екі жылға созылатын жаяу сапары үш кезеңге бөлінген.


Бірінші кезеңінде Қазақстан, Ресей, Грузия, Түркия елдеріне 100 күнде жету. Аталған елдерге дейінгі қашықтық 3 мыңға жуық шақырымды құрайды.


Ал, екінші кезеңде Түркия, Франция, АҚШ елдеріне 180 күндік саяхатын бастайды. Бұл елдерді аралау үшін 9 мың шақырымнан астам жол жүреді.


Үшінші кезеңдегі сапарында АҚШ пен Қытайға, Моңғолияға барады. Одан соң Ресей арқылы Қазақстанға оралуды көздеп отыр. АҚШ-тан Қазақстанға жеткенге дейінгі 130 күнде 4 мың шақырымнан асатын жолды артқа тастайды.



«Менің ұстанымым – саяхаттау ешқашан кеш емес. Әлем елдерін жаяу аралаған қазақ қариясының атын Гиннестің рекордтар кітабына тіркеп, әлемдік рекорд орнатсам деймін. Ең бастысы, бейбітшілікті насихаттап, жаһан елдерін ынтымаққа шақырғым келеді», -деген еді Сәрсенбай Қотырашов.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#қария #жаяу жүру #ел аралау #саяхатшы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Германияның экономикалық қауымдастықтары мен қаржы институттары жетекшілерімен кездесті

Бүгін 14:45

Дархан Сатыбалды Алматының жылумен қамту нысандарының жылу маусымына дайындығын тексерді

Бүгін 14:38

Егін жинау науқаны – 2026: Олжас Бектенов жиналған астықтың сақталуы және диқандарды ерте қаржыландыру жұмыстарын бастауды тапсырды

Бүгін 14:30

Жекелеген облыстарда жылыту маусымының басталуына санаулы күндер қалды: Олжас Бектенов әкімдерге дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырды

Бүгін 13:45

Астанада Орталық Азия елдері мен АҚШ жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Бүгін 13:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);