Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданының әкімі әлеуметтік желілердегі шағы...

Алатау ауданының әкімі әлеуметтік желілердегі шағымдарға қатысты жауап берді

Әлеумет 13.11.2023, 11:11 1,572
Алатау ауданының әкімі әлеуметтік желілердегі шағымдарға қатысты жауап берді
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков ӨКҚ баспасөз конференциясына қатысып, оның барысында әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың шағымдарына жауап берді. Мысалы, жақында «Ақкент» ТК тұрғындары Райымбек даңғылының бойындағы абаттандырылмаған аумаққа шағымданды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 



«Тұрғындар Ақкент ТК бойындағы, Райымбек көшесіндегі абаттандырылмаған аумаққа жиі шағымданады. Осы ауданда құрылыс салушымен осы жер учаскесін мақсатты пайдалану, атап айтқанда әлеуметтік нысан салу үшін келіссөздер жүргізілді. Нысанның ауданы - 6 мың шаршы метр. Бұл жеке аумақ болғандықтан, біз оны абаттандыра алмаймыз. Келіссөздер жүргізілуде», - деді аудан басшысы.



Тағы бір шағым Шаңырақ шағын ауданына қатысты болды, ондаға мәселе -  жеке секторда егеуқұйрықтардың қаптап кеткендігі, бұл туралы да аудан тұрғындары хабарлады. Азамат Қалдыбеков жергілікті атқарушы органдардың мұнымен қалай күресуді жоспарлап отырғанын хабарлады. 



«Алатау ауданында 16-ға жуық зират бар. Біз кеміргіштерді дератизациялау бойынша, оның ішінде жеке секторда да шаралар кешенін жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыс жылына екі рет - көктемде және күзде жүргізіледі. Егер тұрғындар бізге жүгініп, нақты мекен - жайларын көрсетсе, біз барлық қажетті шараларды қабылдаймыз», - деп сендірді А.Қалдыбеков.



Алатау әкімі есеп беру кездесулерінде әрдайым көгалдандыру туралы айтады. Журналистер бұл туралы толығырақ айтуды өтінді.



«Қаланы көгалдандыру жоспарына сәйкес, Алматының Алатау ауданында 154 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Оның 52 мыңы отырғызылды, оның ішінде 48 мың ағаш күзгі екпелер. Жыл соңына дейін қалған 102 мың ағаш отырғызу жоспарлануда», - деді аудан басшысы.



Алатау ауданының жасыл желектер қорында барлығы 428 мың ағаш бар, оның ішінде 11 430-ы (2,7 %) апатты деп танылды. Өткен жылы есептеп-түгендеу қорытындысы бойынша саладағы қызмет көрсетушілер 460 апатты ағашты анықтап, кесіп тастады. Ағымдағы жылы 2 225 ағашты кесу жоспарлануда, 2024-2026 жылдары - 9 205. Оның орнына тиісінше 145 мың ағаш отырғызылады.


Қаладағы жаңа отырғызылған көшеттерді тиімді суару үшін ауданда тамшылатып суару әдісі қолданылады.



«Егер қалада 28-ге жуық су ұңғымасы болса, оның 25-і Алатау ауданында. Егер олардың 8-і үлкен жолдар мен көгалдарды суаруға арналған, 17 ұңғыма ағаштар отырғызылған жерде орналасқан. Айта кету керек, көшеттерді тамшылатып суару әдісі алғаш рет Алатау ауданында қолданылды, бұд әдіс қазір қалада барлық жерде енгізілуде», - деп аяқтады сөзін А.Қалдыбеков.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #әкім #әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда мамыр айының басынан бастап субұрқақтарды кезең-кезеңімен қосылады

Бүгін 14:16

Алматыда жүзге келген ардагерді құттықтап қайтты

Бүгін 14:13

Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі

Бүгін 14:05

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Бүгін 12:21

Мегаполистерде валюта бағамы қандай?

Бүгін 12:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика