AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алатау ауданында қала тұрғындары үшін жаңа тартымд...

Алатау ауданында қала тұрғындары үшін жаңа тартымды орын пайда болады

Әлеумет 20.06.2024, 16:40 737 Bakyt
Алатау ауданында қала тұрғындары үшін жаңа тартымды орын пайда болады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қала әкімінің тапсырмасымен Боралдай өзенінің бойындағы жаяу жүргіншілер аймағының құрылысы аяқталып келеді
 

Ерболат Досаев мердігер ескертулерді жойғанға дейін Боралдай өзенінің арнасын абаттандыру жобасын қабылдамауды тапсырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


 
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында қаланың Алатау ауданындағы Боралдай өзенінің бойындағы жасыл аймақты абаттандыру барысымен танысты.

Оның тапсырмасы бойынша жақсы демалысты қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында Боралдай өзенінің бойында абаттандырылған жаяу жүргіншілер аймағы ұйымдастырылады. Жаңа қоғамдық кеңістік, ең алдымен, 60 мыңнан астам адам тұратын Саялы, Зерделі, Көкқайнар және Әйгерім шағын аудандарының тұрғындары үшін тартымды орынға айналады.

Қала басшысына Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков баяндағандай, жобаға сәйкес осы аумақта қоқыс жәшіктері, орындықтар, сыртқы жарықтандыру бағаналары, автокөлікке арналған тұрақтар орнатылды, суару жүйесі салынып, айлақ жабдықталған. Қала тұрғындарының демалысы үшін футбол және баскетбол алаңдары, теннис үстелдері, скейт тебу алаңы салынды. 

Жергілікті тұрғындармен кездесуі барысында әкімге демалуға жағдай жасағаны үшін алғыс білдірді.

«Бізді қалаға кірдік. Бір кездері Қаскелеңге қараушы едік. Мұнда 36 жылдан бері тұрамын, бірінші рет халық үшін осындай ауқымды жұмыс жасалуда. Бізге малдан қорғану қажет, біз өзіміз мал ұстамаймыз. Бірақ жақын маңдағы шағын ауданның тұрғындары малын жібере салады. Бізге тәртіпті бақылайтын бақылаушы керек», - деді жергілікті тұрғынның бірі әкімге. 

Қала басшысы Ерболат Досаев аумаққа периметрі бойынша бейнебақылау камералары орнатылатынын атап өтті. 

«Алатау ауданында демалушылардың тәртібі мен қауіпсіздігін сақтау үшін қосымша 900 бақылау камерасы орнатылады», - деді аудан әкімі Азамат Қалдыбеков.

Сондай-ақ, жағалау аумағында жақында жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша екі қоғамдық дәретхана ашылады. 

Жалпы, абаттандыру бойынша жобаны жүзеге асыру барысымен танысқан Ерболат Досаев жұмыстың сапасы жөнінде бірқатар ескерту айтып, барлық кемшілікті пысықтауды және нысанды ақау жойылғанға дейін теңгерімге қабылдамауды тапсырды. 

Сонымен қатар, Ерболат Досаев Алматыда жайлы қалалық орта құру бойынша белсенді жұмыс жалғасатынын атады.  

Естеріңізге сала кетейік, мегаполисте Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің жағалауын қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жетісу ауданында жалпы ұзындығы 1 200 метр Есентай өзенінің жағасында құрылыс жұмыстары басталды. Қайта жаңғырту аясында өзен арнасы тазартылып, серуендеу аймағы құрылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алатау ауданы #Ерболат Досаев #жаяу жүргіншілер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Ғабдуллин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 16:09

Алматыда заңсыз қоғамдық тамақтану нысаны бұзылды

Бүгін 15:06

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Қазақстанда азаматтарды қолдаудың ауқымды жүйесі қалыптастырылды

Бүгін 15:03

Мемлекет басшысы: «Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық саласында соны серпіліске ұмтылған ел ретінде орнықты дамудың даңғыл жолына түсті»

Бүгін 14:58

Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді»

Бүгін 14:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);