AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Алаштанушы Тұрсын Жұртбай - 70 жаста

Алаштанушы Тұрсын Жұртбай - 70 жаста

Тұлға 15.10.2021, 11:26 1,845
Алаштанушы Тұрсын Жұртбай - 70  жаста
Сурет: Inform.kz

Ғалым Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды


Бүгін жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, публицист, қоғам қайраткері Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай 70 жасқа толды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жұртбай Тұрсын Құдакелдіұлы 1951 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Шаған ауылында туған.


1974-1990 жылдары «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында қызмет істеді. 1990-1998 жылдары - М.Әуезов мұражайында ғылыми қызметкер, бөлім бастығы, директор. 1998- 2001 жылдары - докторант, ҚазҰУ-да оқытушы. 2001 жылдан бастап «Отырар кітапханасы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры боп еңбек етіп келеді.


«Жүрегімде жұмыр жер» өлеңдер мен поэмалар, «Бесқарагер», «Дара тұлға», «Жер - бесік» роман-новелласы, «Бейуақ» роман-эссесі, «Бесігіңді түзе», «Талқы» роман-эсселері, «Мухтар Омарханович Ауэзов», «Күйесің жүрек... сүйесің!», «Бесігіңді аяла!...» кітаптары жарық көрді.


Тұрсын Жұртбай Алаш қайраткерлерінің шығармалары мен өмір деректері туралы көптеген ізденістер жүргізіп, солардың негізінде ғылыми еңбектер жазды. Ол «Алаш ақиықтары» жинағын құрастырып, Алаш қайраткерлерінің беймәлім шығармаларын жалпы жұртшылыққа таныстырды. Халықаралық «Алаш», І.Жансүгіров атындағы әдеби сыйлықтардың лауреаты.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алаш #ғалым #жұртбай #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы бокстан әлем кубогында 7 медаль жеңіп алды

Бүгін 18:58

Қазақстандық курсанттар математикадан ТМД олимпиадасында күміс жүлдегер атанды

Бүгін 18:54

Елордалық джиу-джитсу шеберлері Францияда топ жарды

Бүгін 18:48

ІІМ қызметкері стритлифтингтен Азия чемпионы атанды

Бүгін 18:44

Атырау әкімінің орынбасары Марат Мурзиев каратэден әлем чемпионы атанды

Бүгін 18:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика