AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Алакөл бір күнде түсін бірнеше рет өзгертеді

Алакөл бір күнде түсін бірнеше рет өзгертеді

Керек кеңес 27.11.2023, 08:14 2,570
Алакөл бір күнде түсін бірнеше рет өзгертеді
Сурет: Dalanews.kz




Еліміздегі ең үлкен бес көлді білесіз бе?


Қазақстанда алуан түрлі табиғи байлық бар. Соның ішінде сұлулығына көз тоймас көлдеріміздің жөні бөлек. Олардың әрқайсысы көлемімен, әсемдігімен, еліміздің экономикасы мен экожүйесі үшін маңызымен ерекшеленеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еліміздегі ең үлкен бес көл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми ақпаратына сүйене отырып, назарларыңызға ұсынамыз. 


5 ОРЫН. ЗАЙСАН КӨЛІ. АУДАНЫ: 1830 км²
Еліміздің шығысында орналасқан Зайсан көлі біздің тізімде бесінші орынға орналасты. Көл 420 м биіктікте, ұзындығы 105 км, ені 22-48 км, максималды тереңдігі 15 м. Ертістегі Бұқтырма ГЭС құрылысына дейінгі көлдің ауданы 1830 км2 болады. Көлге Қытайдан бастау алатын Қара Ертіс құйып, Ертіс өзені ағып шығады. Зайсанға құятын өзендер таулы аймақтардан бастау алғандықтан, көл суы қармен және жаңбырмен толады. Зайсанда балықтың 20-дан астам түрі, ал, төңірегінде әртүрлі жабайы аңдар мекендейді.


4 ОРЫН. АРАЛ ТЕҢІЗІ. АУДАНЫ: 2850 км² (Солтүстік Арал)
Арал - ағынсыз тұзды көл. 1960 жылы Арал теңізі шамамен 68 мың шаршы шақырым ауданды алып жатқан әлемдегі ең ірі төртінші көл болды.
ХХ ғасырдың 1960 жылдарынан бастап көлге құятын Әмудария мен Сырдария өзендерінен суару мақсатында қарқынды түрде су алу салдарынан сарқыла бастады. 1989 жылы Арал екі оқшауланған су қоймасына – Солтүстік (кіші) және Оңтүстік (үлкен) Арал теңізіне бөлінді. Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізінің ауданы шамамен 2850 км2 құрайды.


3 ОРЫН. АЛАКӨЛ КӨЛІ. АУДАНЫ: 2890 км²
Алакөл Балқаш-Алакөл ойпатының шығыс бөлігінде, теңіз деңгейінен 343 метр биіктікте орналасқан. Ауданы шамамен 2890 км2. Алакөлдің суы ежелден өзінің емдік қасиеттерімен танымал. Оның құрамында йодтан басқа, Менделеев кестесіндегі барлық элементтер кездеседі. Атауына сәйкес, Алакөл бір күнде түсін бірнеше рет өзгертеді. Жел соқса – сұр, күн шықса – көк, ал жауын жауса – қызғылт түске айналады. Көлге Қатынсу, Үржар, Жаманөткел, Емелқұйса, Жаманты және Ырғайты өзендері құяды. Бірақ, көлден су ағып шықпайды, сондықтан, ол ағынсыз болып саналады.


2 ОРЫН. БАЛҚАШ КӨЛІ. АУДАНЫ: 18583,1 км²
Қазақстанда көлемі бойынша екінші орында - еліміздің оңтүстік-шығысында орналасқан Балқаш көлі. 18583,1 км2 аумақты алып жатқан көл әлемдегі ең үлкен көлдер тізімінде 14-ші орында. Балқаш көлінің ерекшелігі жарты бөлігі тұзды, ал келесі жартысы тұщы. Көлге ағатын судың негізі Іле өзенінен келетін болғандықтан батыс бөлігінің суы тұщы, түсі сарғылт-сары, лайлы. Ал, шығыс бөлігінің суы тұздылау, түсі көгілдір, ашық көк. Балқашта 40-тан астам арал бар.


1 ОРЫН. КАСПИЙ ТЕҢІЗІ. АУДАНЫ: 390 000 км²
Каспий – Қазақстандағы ғана емес, әлемдегі ең үлкен көл саналады. Жер шарындағы мұхитпен байланыспайтын ең үлкен ішкі су айдыны. Суы – тұзды. Ауданы шамамен 390,000 км2 және максималды тереңдігі 1025 метр. Әлемдегі барлық көл суының 40-44% Каспий теңізіне тиесілі. Оның жағалауында бес мемлекет: Қазақстан, Әзірбайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан орналасқан. Каспий теңізіне 130 – дан астам өзен құяды, олардың ішіндегі ең ірісі - Еділ.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алакөл #Зайсан #ең үлкен көлдер #Қазақстан #Балқаш #Каспий #Арал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының төрт ауданында мереке күндері азық-түлік жәрмеңкесі жұмысын жалғастырады

Бүгін 19:02

Қазақстандағы ерлердің саны қанша?

Бүгін 18:04

Мемлекет басшысы Аустрияның Үкімет мүшелерін қабылдады

Бүгін 17:24

Отан қорғаушы күніне орай саптық ән және жүріс байқауы өтті

Бүгін 16:51

Әлемдік гимнастика аңызы Нелли Ким Алматыдағы жас спортшылар чемпионатына қатысты

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);