Алаяқтар күштік құрылымдар басшыларының атынан азаматтарға жиі хабарласады

Алаяқтар күштік құрылымдар басшыларының атынан азаматтарға жиі хабарласады Сурет: El.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті соңғы уақытта алаяқтар күштік құрылымдардың, соның ішінде ведомство басшыларының атынан азаматтарға жиі хабарласатынын ескертті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.

Алаяқтар азаматтарға қаржылық және басқа операцияларды жүргізу туралы өтініштерімен немесе талаптарымен телефон арқылы қоңырау шалады немесе мәтіндік хабарламалар жібереді. Бұл ретте қылмыстық мақсатта ақшалай несие рәсімделгені жайлы, сондай-ақ қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны туралы қорқыту ниетімен хабарлама жіберіледі.

Сондай-ақ, бұндай жағдайларда алаяқтар ҰҚК символикасы бар арнайы дайындалған құжаттардың файлдарын жиі жіберетіні айтылды.

ҰҚК қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқару кезінде азаматтарға қандай да бір қаржылық операциялар жүргізуді ұсынуға өкілеттігі жоқ, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Егер азамат осындай жағдайда тап болса, тез арада әңгімелесуді немесе хат жазысуды тоқтатып, 102 телефоны бойынша полицияға жүгінуіге тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:22

09:03

08:58

08:41

08:30

18:50

18:47

18:29

18:08

17:45

17:31

17:22

17:13

17:00

16:49

16:42

16:30

16:30

16:26

16:15

16:01

15:55

15:41

15:34

15:20