әл-Фараби даңғылының солтүстік бетін орташа жөндеу кестеге сәйкес жүргізіліп келеді: келесі учаскеде жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Алматыда әл-Фараби даңғылындағы жол жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп келеді және жаңа оқу жылына дейін аяқталады. Қазіргі уақытта Торайғыров көшесінен Достық даңғылына дейінгі жолдың оңтүстік жағында жөндеу жұмыстары аяқталды – қозғалыс ашық. Солтүстік бетінде Достық даңғылынан Сейфуллин даңғылына дейін жол жөнделіп, көлік қозғалысы қалпына келтірілді.
Келесі жөнделетін бөлік – Сейфуллин даңғылынан Есентай өзенінің үстінен өтетін көпірге дейін.
Жөндеу жұмыстары кезінде ол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткізу қабілеттілігін арттыру үшін келесі шара қолданылады:
- 27 шілде сағ.23-00-ден 29 шілде 07-00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары жүргізіліп, көлік қозғалысы толығымен шектеледі;
- 28 шілде сағ.07-00-ден 00-00-ге дейін Сейфуллин даңғылы мен Есентай өзенінен өтетін көпір аралығында реверсивті қозғалыс болады. Батыс және шығыс бағыттағы жолақтар санын қалыптасқан жағдайға қарай патрульдік полиция қызметкерлері анықтайтын болады;
- қараңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 29 шілде сағ. 00-00 мен 07-00 аралығында аталған учаскеде батыс бағытта көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
- 27 шілде сағ. 23-00-ден 29 шілде сағ.7-00 аралығында Сейфуллин даңғылынан батыс бағытта әл-Фараби даңғылына бұрылыс, Марков, Шашкин көшелерінен кіріп-шығатын жол жабық болады. Айналып өту Сейфуллин даңғ., Попов, Тимирязев көшелері арқылы ұйымдастырылады.
- әл-Фараби даңғылынан Сейфуллин даңғылына солтүстік бағытта бұрылыстарда көлік қозғалысы ашық болады.
Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін патрульдік полицяның 6 экипажы қамтаамсыз етеді. Жылдамдықты 40км\сағ шектеу туралы белгілері қойылып, жолақтар конусты фишкалармен белгіленеді. Реверсивті қозғалыс алдында екі жақтан көлік ағындарын бөліп тұратын металл турникеттер қойылады.
Қозғалыс қауіпсіздігін патрульдік полицияның қызметкерлері қамтамасыз етеді. Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында, сонымен қатар, 2ГИС қосымшасында қолжетімді.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы магистральдық көшелерге жол төсемін төсеуде алғаш рет жаңа технологияларды қолданылды. Асфальтбетондардың құрамында полимерлер қолданылады. Мұндай қоспалар тозуға төзімді, жұмсару температурасы жоғары (65-70°C), ыстыққа төтеп беріп, әлдеқайда ұзағырақ қызмет етеді. Қазіргі 5 жылдың орнына 8-10 жыл пайдалануға болады.
Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.
Маршруттардың уақытша схемасы
№ 38 – батыс бағытта - әл-Фараби даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Сәтбаев көшесі - Жандосов көшесі - Жароков көшесі – әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;
№38а - кері бағытта өзгеріссіз;
№63 - Назарбаев даңғылы - Сәтбаев көшесі - Сейфуллин даңғылы - Тимирязев көшесі - Жароков көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;
№63а - кері бағытта өзгеріссіз;
№ 86 - батыс бағытта - әл-Фараби даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Сәтбаев көшесі - Жандосов көшесі - Жароков көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;
№86 - кері бағытта өзгеріссіз;
№ 127 - батыс бағытта - әл-Фараби даңғылы - Сейфуллин даңғылы - Сәтбаев көшесі - Жандосов көшесі - Жароков көшесі - Исиналиев көшесі - бұдан әрі схема бойынша;
№127 - кері бағытта өзгеріссіз;
№ 211 - батыс бағытта - Сейфуллин даңғылы - Тимирязев көшесі - Жароков көшесі - әл-Фараби даңғылы - бұдан әрі схема бойынша;
№211 - кері бағытта өзгеріссіз.
Барлығы: 5 маршруттың схемасы өзгертілді.
Күні: 2023 жылғы 27 шілде сағат 23:00-ден 29 шілде сағат 06:00-ге дейін.