Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әкімдіктер тұрғындары азайған ауылдарға қолдау көр...

Әкімдіктер тұрғындары азайған ауылдарға қолдау көрсетуі керек

Әлеумет 09.06.2023, 05:19 1,057
Әкімдіктер тұрғындары азайған ауылдарға қолдау көрсетуі керек
Сурет: Kz.kazakh-zerno.net

Ірі ауылдар тиісті стандарттарға сай болады, шағын ауылдарға да назар аударылады.


Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров перспективасы төмен ауылдардың тұрғындарын даму мүмкіндігі жоғары елді мекендерге көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Аймақтық стандарттар жүйесі бар. Онда сапа мәселесі ескерілген. Біз перспективасы бар ауылдардың деңгейін көтеруіміз керек. Бұл тұрғыда инфрақұрылым, жолдар және басқа да мәселелер қамтылып отыр. Атап айтқанда, осы бағытта тірек әрі спутник ауылдар қарастырылған, яғни олардың саны 3,5 мыңға жетті», - деді Әлібек Қуантыров Астана халықаралық форумы аясында өткен брифингте.



Оның айтуынша, шағын ауылдарға қолдау көрсету мәселесіне әкімдіктер ерекше мән беруі керек.



«Кейбір елді мекеннен тұрғындар қоныс аударып жатқанын байқалып отыр, яғни көбіне жастардың кетіп жатқаны белгілі. Жақын орналасқан кейбір елді мекендер ауылдық округтерге біріктіріліп жатыр. Біз ірі ауылдарды тиісті стандарттарға жеткіземіз, сондай-ақ шағын ауылдарға да назар аударамыз. Әкімдіктер тұрғындары азайған ауылдарға қолдау көрсетуі керек», - деді министр.



Сонымен қатар ол шекара маңындағы ауылдарға ерекше назар аудару керек екенін айтты.



«Бұл елді мекендерді барынша адами капиталмен толықтыру маңызды, жұмыс орындарын құру қажет. Бұл күрделі мәселе», - деді Ұлттық экономика министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауылдар #қолдау #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 17:46

«Дос-Мұқасан» алғашқылардың бірі болып қол қойды: Алматыда Гиннес рекордына ресми старт берілді

Бүгін 17:26

ҚСЗИ-де жас сарапшылар жаңа Конституцияның негізгі жаңашылдықтарын талқылады

Бүгін 17:19

Еңбек ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 17:12

Алматы бизнес қауымдастығы референдумды қолдады

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі