AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әкімдік ғимараты 1978 жылғы сызба бойынша қалпына...

Әкімдік ғимараты 1978 жылғы сызба бойынша қалпына келтірілді

Әлеумет 03.10.2023, 09:56 1,216
Әкімдік ғимараты 1978 жылғы сызба бойынша қалпына келтірілді
almaty-akshamy.kz

Инклюзивті орта: Алматы әкімдігінің ғимараты реконструкциядан кейін барлық азаматтар үшін қолжетімді Бұл туралы бас мердігер, «Атрикс-Строй» ЖШС құрылыс компаниясының директоры Әміржан Нәбиев айтты. 


Алматыдағы қалалық әкімдік ғимараты 1978 жылғы ескі сызбалар бойынша қалпына келтірілді. Нысанды қайта құру 2022 жылдың ақпанында басталды. Ғимараттың архитектуралық стилі толығымен сақталды, едендердегі, бағандардағы, төбелердегі мәрмәр жабыны, сондай-ақ жез элементтер қалпына келтірілді. 



«78-ші жылдың жобалық шешімінде болған сурет қайта жасалды. Тіпті кабинеттердің конфигурациясы өзгерген жоқ, тек 3 павильонда орналасқан қоғамдық қабылдау бөлмесінің конфигурациясы өзгерді. Біз бірнеше кабинетті біріктіріп, алғаш рет осы ғимаратта халықтың барлық санаттары, соның ішінде мобильділігі төмен азаматтар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еттік», - деп атап өтті Ә.Нәбиев. 



Бұл аймақ банктік қызмет көрсету қағидаты бойынша жабдықталған: адам келіп, азаматтардың өтініштеріне жедел түрде жауап беретін маманға талон беріледі. 



«Кеңес заманында ғимараттарды салу кезінде халықтың мобильділігі төмен топтарының қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар көзделмеген. Біз соның бәрін ескердік, әкімдік ғимаратында нашар көретіндерді навигациялауға арналған тактильді плиткалар бар, бірінші павильон жағынан мүгедек адамдарға арналған пандус қарастырылған, Желтоқсан және Сәтбаев көшелері жағынан аз қамтылған азаматтарға арналған жолдар бар», - деді Ә. Нәбиев.




Ғимаратты қалпына келтіру кезінде инклюзивті шешімдерді енгізу арқылы азаматтардың барлық санаттары үшін жайлылық пен кедергісіз ортаны қамтамасыз ету маңызды критерий болды. Әкімдік ғимаратында лифтілер, электр көтергіш, мүгедектігі бар адамдарға арналған жуынатын бөлмелер және мобильділігі төмен топтарға арналған арнайы таңбалау, пандустар, шақыру түймелері, Браул алфавиті бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкімдік #азаматтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жүк көлігі велосипедші баланы басып кетті: жасөспірім оқиға орнында көз жұмды

Кеше 17:02

Путин Тоқаевқа алғыс білдірді

Кеше 15:21

Атырау облысында аудан әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты

Кеше 14:08

Ресей Қазақстаннан баратын жүк тасымалдаушыларға жаңа талап енгізбек

Кеше 11:23

Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: сәрсенбіде елімізде ауа райы қандай?

Кеше 10:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);