Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі

Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі

Алматы Бүгін 14:18 61
Академиялық ұтқырлық пен жаһандық білім кеңістігі
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі V халықаралық Фараби форумы салтанатты түрде қорытындыланды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ауқымды жиын Үздік студенттік инновациялық жобалар көрмесімен басталды. Форум ашылуында заманауи технологиялардың мүмкіндігі кеңінен қолданылды. Жиылғандарға жасанды интеллект арқылы жасалған Әбу Наср әл-Фарабидің бейнеролигі көрсетіліп, ұлы ғұламаның өсиеті мен ғылыми мұрасы цифрлық нұсқада қайта жаңғырды. Бұл форумның басты мақсаты – өткеннің асыл қазынасын болашақтың инновацияларымен сабақтастыру екенін аңғартты.

Шараның жабылу рәсімінде сөз сөйлеген ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ғылымның ел дамуындағы стратегиялық маңызына тоқталып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстанымын жеткізді:

«Елдің интеллектуалды қуаты тікелей ғалымдардың идеялары мен зерттеулері, ғылыми нәтижелері арқылы анықталады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін ғылым – стратегиялық басымдық. Біз іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз», – деп атап өтті университет басшысы.

Форумның халықаралық ауқымы Франция, Италия, Польша, Қытай, Түркия, Әзірбайжан және Орталық Азия елдерінен келген 105 шетелдік ғалымның қатысуымен айшықталды.

Шараның басты оқиғаларының бірі ретінде Ислам ұйымымен азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ислам ұйымының азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бас директоры Берік Арын университеттің ғылыми әлеуетіне жоғары баға берді:

«Біздің ұйымға 41 мемлекет мүше, басты мақсатымыз – тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. V халықаралық Фараби форумында жасанды интеллект, цифрландыру және тұрақты даму мақсаттарының талқылануы университеттің жаһандық мәселелерге белсенді араласуын көрсетеді. ҚазҰУ-дың заманауи зертханалары мен суперкомпьютер қуаты біздің халықаралық миссиямыз үшін үлкен тірек. Бүгінгі меморандум осы байланысымызды ресми түрде бекітті», – деп мәлімдеді. Сонымен қатар мәртебелі мейман форум аясында ғылым жолында алғашқы қадамдарын жасап жатқан бір топ жас ғалымдарға арнайы марапаттар табыс етті.

Салтанатты шара шетелдік қонақтардың құттықтау тілегімен жалғасты. Болонья университетінің (Италия) профессоры, БҰҰ-ның Орталық Азиядағы еріктісі Роберто Болтри: «Бұл форум – ғылым мен мәдениеттің тоғысқан нүктесі. ҚазҰУ-дың әлемдік деңгейдегі зерттеу орталықтарымен еркін бәсекелесе алатын әлеуеті бар екеніне кезекті рет көз жеткіздік», – деп ризашылығын білдірсе, Бұхара халықаралық университетінің ректоры Шариф Баратов екіжақты академиялық байланыстарды жандандырудың маңыздылығына назар аударды.

Форум барысында Ғылым қызметкерлері күніне орай, университеттің оқытушы-профессорлық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің еңбегі ерекше аталып өтті. Академиялық ортаны дамытуға қосқан зор үлесі үшін бірқатар ғалымдарға арнайы марапаттар берілді.

Жиын соңында «ҚазҰУ үздік жас ғалымы» мен студенттік бизнес-инкубаторлар байқауының лауреаттары анықталып, басқосу жеңімпаздардың құрметіне арналған салтанатты фотосессиямен тамамдалды.

Айта кетейік, дәстүрлі форум аясында үш халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, дөңгелек үстелдер мен воркшоптар сериясы ұйымдастырылды. Сонымен қатар университеттің барлық факультеттерінде студенттер мен жас зерттеушілердің басын қосқан «Фараби әлемі» конференциясы өтті. Халықаралық платформа қатысушыларға тек ғылыми ізденістерін таныстырып қана қоймай, философия мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, озық тәжірибе алмасуға және жаңа халықаралық жобалардың негізін қалауға жол ашты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #ҚАЗҰУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Бүгін 16:22

Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

Бүгін 16:17

Тоқаев бірқатар елшілікте ауыс-түйіс жүргізді

Бүгін 16:05

Дархан Сатыбалды Алматыда инженерлік желілерді жаңғыртуды жеделдетуді тапсырды

Бүгін 15:48

Қызылордада өрт кезінде 5 адам құтқарылды

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика