AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Айтқаныңды істейтін «Айсана»

Айтқаныңды істейтін «Айсана»

Әлеумет 14.04.2023, 13:01 902 Almaty-akshamy.kz. 
Айтқаныңды істейтін «Айсана»
Сурет: ашық дереккөз

Айсана қазақ тілінде сөйлейді.



Қазақстанда қазақ тілінде сөйлеп, автоматты түрде жауап беретін виртуалды робот әзірлеу жұмысы қолға алынбақ. Оған «Айсана» деген ат беріледі. Бұл туралы ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті дайындаған Қазақстанда тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдасы жобасынан белгілі болды. 


Айсана әлемдегі танымал дауыстық көмекшілер – Google Assistant (Google), Siri (Apple), Amazon Echo  не Alexa (Amazon), Cortana (Microsoft) және Алиса (Yandex) виртуалды роботтарының қазақша баламасы болмақ. 



«Қазіргі уақытта дыбыстық көмекші әзірлеудің маңызы зор. Бүгінде көпшілікке танымал «Алиса», «Alexa», «Cortana» мен «Siri» тәрізді өнімдер мәтінді пернетақта мен тінтуірді пайдаланбай енгізу, қолданушының ауызша командасы арқылы қажетті сайтқа, ақпаратқа, бағдарламаларға жылдам қол жеткізу, еске салу, қоңырау шалу, хабарламалар жазу, жаңалықтарды дыбыстау, «ақылды үй» функцияларын орындау, тіпті жасанды интеллектінің арқасында жетіліп, адаммен толыққанды диалог орнату мүмкіндігіне ие болды. Осы ретте отандық «Айсана» виртуалды роботын әзірлеу жұмыстары жүргізіледі», – делінген тұжырымдама жобасында. 



Бұл бағыттағы жұмыстарды іске асыру үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі әлемдік ІТ-компаниялармен келісімге отыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, қазақтілді ІТ-мамандар даярлау және арнайы гранттар бөлу мәселелері шешіледі. 



«Бұл шаралардың іске асырылуы халықтың қазақ тіліндегі цифрлық сауаттылығын арттыруға және қазақтілді тұтынушылардың сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді», – делінген тұжырымдама жобасында.



Құжатты жария талқылау мерзімі – 21 сәуірге дейін. 


Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Айсана» #Siri #Алиса
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Кеше 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Кеше 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Кеше 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Кеше 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Кеше 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика