AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Air Astana Алматы мен Астанадан Шарм аш-Шейхке тұр...

Air Astana Алматы мен Астанадан Шарм аш-Шейхке тұрақты рейстерді іске қосады

Әлем Бүгін 11:39 81
Air Astana Алматы мен Астанадан Шарм аш-Шейхке тұрақты рейстерді іске қосады
Фото: Air Astana

Алматыдан Шарм аш-Шейхке рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Астанадан сейсенбі және жұма күндері орындалады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан 10 желтоқсаннан бастап және Астанадан 11 желтоқсаннан бастап Шарм-аш-Шейхке (Мысыр) тұрақты рейстердің басталатынын қуана хабарлайды. Енді Қызыл теңіз жағалауындағы танымал курорт өз бетімен саяхат жасау үшін одан әрі қолжетімді болады.

"Бұрын Шарм аш-Шейхке рейстер тек чартерлік бағдарламалар шеңберінде ғана орындалған, алайда тұрақты рейстердің мәртебесі жолаушыларға тікелей әуекомпанияның ресми сайтында, Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ туроператорлар мен аккредиттелген турагенттіктер арқылы авиабилеттерді брондауға және сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрақты кестеге көшу Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейтеді және туристерге күзгі-қысқы маусымда Мысырға саяхат жасауды жоспарлауда икемділік береді", - деп атап өтті Air Astana компаниясының коммерциялық жоспарлау және кірісті басқару жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалыков.

Алматыдан Шарм аш-Шейхке рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Астанадан сейсенбі және жұма күндері жайлы A321 әуе кемелерімен орындалады.

Алматыдан КС8275 рейсінің ұшып кетуі 07:20-да, Шарм аш-Шейхке ұшып келуі 11:50-де (ұшу ұзақтығы: 7 сағат 30 минут).

KC8276 кері рейсінің ұшып кетуі - 12.50-де, Алматыға ұшып келуі - 22.10-да.

Астанадан КС8277 рейсінің ұшып кетуі - 06:50-де, Шарм аш-Шейхке ұшып келуі - 10:45-те (ұшу узақтығы: 6 сағат 55 минут).

КС8278 кері рейсінің ұшып кетуі - 11.55-де, Астанаға ұшып келуі - 20.50-де.

Әрбір әуежайдың жергілікті уақыты көрсетілген.

Алматы-Шарм аш -Шейх-Алматы бағыты бойынша эконом-кластағы және бизнес-кластағы алымдардың барлығын қосқанда ұшақ билетінің ең төменгі құны тиісінше 283 690 және 597 864 теңге.

Астана-Шарм аш-Шейх-Астана бағыты бойынша эконом-кластағы және бизнес-кластағы алымдардың барлығын қосқанда ұшақ билетінің ең төменгі құны тиісінше 283 734 және 588 932 теңге.

Ұшақ билеттерін Air Astana сайтында және мобильдік қосымшада, әуекомпанияның сату кеңселерінде, сондай-ақ агенттіктерде сатып алуға болады.

ҚР СІМ сайтындағы ақпаратқа сәйкес,  21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының біреуінің (әкесі немесе анасы) бірге жүруінсіз Мысыр аумағына кіре алмайды; 21 жасқа толған азаматтар Мысырға туристік сапармен барғанда, егер сапар тек Шарм аш-Шейх аймағымен шектеліп, 15 күннен аспайтын болса, визаны Шарм аш-Шейх халықаралық әуежайында рәсімдей алады; Каир, Хургада немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар сапар алдында Қазақстандағы Мысыр Елшілігінен виза алуы тиіс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);