Аймағамбетов: парацетамолдың зауыттан шығатын бағасы - 59 теңге, ал бізде 144 теңгеден сатылып жатыр

  • 16:08, 04 маусым 2025
Аймағамбетов: парацетамолдың зауыттан шығатын бағасы - 59 теңге, ал бізде 144 теңгеден сатылып жатыр Сурет видео скрині

Депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліс отырысында дәрі-дәрмектің бағасына шүйлікті, - де хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Сөзім жетімді болуы үшін, нақты бір адамның қарапайым мысалмен бастайын. Раушан есімді азаматша. 42 жаста.  Оның өмірі баяу сөніп барады. Ем жоғынан емес, емге шипа болатын дәрі, Ұлттық дәрілік формулярда тіркелмегендіктен, дәрі, жеті жылдан бері жаңартылмаған емдеу хаттамасына енгізілмегендіктен, тіпті сатып алайын десе де, елде рұқсат етілген тізімде де жоқ.  Оның, өмірі үшін күресі - бюрократиямен күрес.  Тағы қаншама осындай Раушандар біздің көмегімізді күтіп отыр? Бүгінгі талқылауымыздың өзегі осы", - деді ол. 

Депутаттың айтуынша, ЖАПтың есебі – бұл еліміздегі фармацияның шынайы рентгені. Рентген нәтижесі жай ғана сынықтар мен көлеңкелерді көрсетіп қана қоймай, дереу шешімді, жедел емдеуді талап ететін терең, нағыз қатерлі ісіктерді анықтады. 

Осыған орай фармацевтика саласының 3 "жағымсыз диагнозына" және оларды емдеу үшін қажет 7 "қадамға" тоқталайын.

I. Дәрі-дәрмекке қолжетімділік.

Дәрі-дәрмектер дәріханаларда сатылуы үшін, олар ең алдымен НацЭЛС-те сараптамадан, сосын тіркеуден өтуі керек. Аудит не көрсетті? 

Норматив бойынша тіркеу мерзімі – 210 күн. Алайда, біреулер үшін бұл мерзім заңсыз 1275 күнге дейін созылса, ал осы ұйымның бұрынғы қызметкерлері үшін, өте жылдам 25-ақ күнде аяқталып, рәсім өткізілді. 154 өтінім бойынша сараптама процедураларын бұзу деректері анықтады. 

Жалпы, НацЭЛС нағыз саяхатшылар клубы сияқты. Оның қызметкерлері дәрілерді тізімге енгізу үшін, зауытарды көру сылтауымен шетелге барып жатыр. Әрине, жайлы саяхат шығандары, фармация компаниясының есебінен төленеді. Бұл саяхаттар не беретіні күмәнді.  

2. Фармакологиялық бақылауды күшейту бойынша. 

Заңға сәйкес, НацЭЛС, дәрілердің жағымсыз реакциялары туралы хабарламаларды жинақтап, талдап, шаралар қабылдау үшін жіберуіге міндетті. Бірақ аудит көрсеткендей, 28 сары карточкалар" бар дәрілік заттар бойынша ешқандай шара қабылданбаған.  Оның үстіне, дәрлердің кері әсерлері туралы 137 ақпарат түскенімен, тек 1 препарат қана кері қайтарылған.  Ал жалпы, фармацевтикалық бақылаудан 77 млн фармацевтикалық өнім тыс қалған. 

3. Ескірген емдеу хаттамалары бойынша.

Әр азаматты емдегенде, дәрігерлер, арнайы емдеу хаттамасында көрсетілген дәрілерді қолдануы тиіс.   Ал емдеу хаттамалар болса уақтылы жаңартылмайды.  Өздеріңіз қараңыздар: клиникалық хаттамалардың шамамен 70%-ы (1133-тің 785-і) 5 жылдан 12 жылға дейін қайта қаралмаған. 

10 жыл емес, қазір 1 жыл ішінде жаңа дәрілер пайда болады. Осыған байлапнысты  қазақстандықтар жаңа әдістермен ем ала алмай жүр деп айтуға болады. 

Хаттамаларды бекіту процесінің өзі де күрделі. Кейде ол бірнеше жылға дейін созылып, осылайша бекіткен хаттаманың  актуалдылығы да жоғалады. Мысалы, тіркеу мерзімі өткен және тиімділігі төмен, шығаруға ұсынылған 409 препарат 3 жыл бойы формулярдан алынбаған, тиімсіз деп танылған 5 препарат 29 ауруды емдеу хаттамаларынан шығарылмаған. Ал қажет делінген 96 тиімді препарат керсінше формулярға енгізілмеген. 

II. Жабайы бағалар және тиімсіздік. 

1. Шекті бағаларды қалыптастыру кезіндегі өрескел бұзушылықтар анықталды. 

Олардың қатарында – шамадан тыс маркетингтік және тасымалдау шығындарын қосу. Препараттар тіпті оригиналдарынан да бірнеше есе жоғары бағамен сатып алынған.

Дәрілерге қосылған үстеме баға зауыттық бағадан 172%-ға дейін жетеді, ал Еуропада және әлемде – 30%-дан аспайды. Бір препараттың әртүрлі дәріханалардағы бағасы 3-5 есеге дейін өзгереді. 

Түпнұсқаның бағасы 344 теңге болса, отандық тауар өндірушінің (ОТӨ) генеригінің бағасы 1273 теңгені құраған. Бұл 4 есеге дейін қымбат. 

"Парацетамолдың зауыттық бағасы 59 теңге, Қырғызстанда 90, ал бізде 144 теңгеге сатылып жатыр. Салыстырыңыздар. Терафлюге елде белгілеген шекті баға 3,3 мың теңге, ал зауыттық бағасы 1,5 мың. Ресейде ол 2,2 мың, Қырғызстанда 2,5 мың тұрады", - деді ол. 

Сондай-ақ, депутат фармаөндіріс пен ғылымға тоқталды. 

Оның айтуынша, кейінгі уақытта "ҚазВактан" басқа ештеңе шыққан жоқ деуге болады. Клиникалық зерттеулер өте аз. Соңғы 10 жылда тек 2 препарат шығарылған, олардың бірі, "Йод және калий йодиді". Бұны әзірлеуге 4,6 млрд теңге жұмсалған, бірақ ол тіпті формулярға да енгізілмеген яғни қолданылмайды.

Депутат отандық фармацияны емдеуге арналған  жеті қадамға тоқталды. 

  • Бірінші. Жаңа дәрілерді тіркеу мерзімін 1 айға дейін қысқарту.
  • Екінші. Шекті баға әлемдегідей 30%-дан аспауы керек.
  • Үшінші. СК "Фармацияны" реформалау. Логистиканы дамыту, бәсекелестіктік, есеп беру мен ашық ережелерін енгізу.
  • Төртінші.  Ұзақ мерзімді инвестициялық келісімшарттар — тек өндірісті нақты локализация-лайтын-дармен ғана болуға тиіс.
  • Бесінші. Ұлттық формулярға, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізімдеріне және Бірыңғай дистрибьюторға енгізуге өтінім беру механизмін "бір терезе" қағидаты бойынша енгізу.
  • Алтыншы. Ашық цифрлық есеп жүйесі.
  • Жетінші. Ең бастысы қазақстанның қарапайым азаматының мүддесі  басшылыққа алынуы керек.  Қауіпсіз, қымбат емес дәрілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету маңызды. 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:42

19:19

18:33

18:31

16:39

15:08

14:46

14:40

14:10

14:00

13:25

12:44

12:00

11:55

11:17

11:14

11:00

10:14

09:59

09:55

09:44

09:00

20:34

17:56

17:42