AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты жаңа заң дайын е...

Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты жаңа заң дайын екенін хабарлады

Әлеумет 06.10.2025, 09:52 672 dulatbekova
Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты жаңа заң дайын екенін хабарлады
Сурет: Kazpravda.kz

Депутат Асхат Аймағамбетов мұғалімдерге қатысты маңызды жаңалықты бөлісті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Оның айтуынша, педагогтардың құқықтарын қорғауға бағытталған жаңа заң жобасы әзірленіп, Үкіметке жолданды.

Жаңа құжатта педагогтардың кәсіби міндетіне жатпайтын жұмыстардан босатылуы нақты қарастырылған.

"Мұғалімнің басты жұмысы – білім беру. Ол мобилограф, блогер, күзетші немесе чат модераторы болмауы керек", – деп атап өтті депутат.

Негізгі өзгерістер қандай?

Артық есепке – тоқтам. Қағаз немесе цифрлық есептің тек бір түрі ғана толтырылады. Бір жүйеге енгізілген мәлімет бірнеше платформаларда қайталанбауы тиіс.

Мұғалім блогер болуға міндетті емес. Пост жазу немесе әлеуметтік желі жүргізу – тек мұғалімнің еркімен.

Чаттар мен хабарламаларға шектеу. Хабар алмасу тек ресми LMS платформалар мен электронды пошта арқылы жүргізілуі тиіс. Мұғалім тәулік бойы чатта отырмайды.

Мектептен тыс жағдайға мұғалім жауап бермейді. Ол күзетші де, тергеуші де емес.

"Мұғалімге тән емес функциялар" ұғымы заңмен бекітіледі. Яғни еңбек келісімшартында көрсетілмеген міндеттерді жүктеуге тыйым салынады.

Ата-ана мен мектеп арасындағы келісімнің мәртебесі артады. Барлық тараптар тәрбие ісінде ортақ жауапкершілік алуы тиіс.

Мұғалім мәртебесін бұзғандарға айыппұл күшейеді.

Физикалық және психологиялық зорлыққа – нөлдік төзім. Заң жобасында педагогқа қысым көрсетуге мүлдем тыйым салынатын арнайы норма енгізілген.

Асхат Аймағамбетов бұл бастаманың мұғалім мәртебесін арттыруға және білім беру саласындағы әділеттілікті нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аймағамбетов #мұғалімдер #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы базарларында ұлттық ойындар бойынша жастар фестивалі өтіп жатыр

Бүгін 17:14

Ұлттық құндылық: жоғалып бара жатқан мұра ма, әлде жаңаша жаңғыру ма?

Бүгін 17:12

Қазақстанның 180-нен астам оқушысы математикадан бақ сынады: Алматыда үздік жас зияткерлер марапатталды

Бүгін 16:56

Алматыда «AMANAT» партиясының ауқымды жобасы бастау алды

Бүгін 16:17

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге төлем жасау қағидаларын жаңартты

Бүгін 15:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика