Әйелінің интимдік суреттерін таратып, істі болды

Әйелінің интимдік суреттерін таратып, істі болды видеодан алынды

Орал қалалық сотында ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігі (бопсалау) және 147-бабы 5-бөлігі (жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу) бойынша айыпталған А-ға қатысты қылмыстық іске қатысты үкім шықты, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

БҚО сотының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, А. аталған баптарға сәйкес айыпты деп танылып, ол 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. 

Сот талқысында анықталғанындай, сотталушы А. мен Б. заңды некеде тұрған. Бірге өмір сүрген уақытта Б. Whatsapp мессенджері арқылы күйеуі А-ның өтініші бойынша оған интимдік сипаттағы фотосуретті өз еркімен жіберген.

«Кейінірек араларындағы келіспеушіліктерді ескере отырып, Б. сотқа некені бұзу туралы арыз берген кезде, оған А. келіспеген. Сөйтіп Б-ны масқара ететін интимдік сипаттағы фотосуреттерін таратамын деп қорқытып, одан ақша талап ете бастаған. Ақыры А. өзінің ұялы телефонынан Б-ның әкесінің ұялы телефонына, сондай-ақ Whatsapp мессенджеріндегі жалпы топқа одан бұрын алынған интимдік сипаттағы фотосуреттерді жіберген. Осылайша, Б-ның жеке өмірі туралы құпия мәліметтерді оның келісімінсіз таратқан», - деп жазылған  ведомствоның хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
1
Соңғы жаңалықтар

20:01

18:47

18:28

18:20

17:25

17:19

16:46

16:33

16:23

16:17

16:13

15:50

15:41

15:34

15:09

15:00

14:52

14:37

14:04

13:45

13:42

13:19

12:24

12:22

12:11