AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған ди...

Әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш өз шындығын айтты

Әлеумет 05.06.2024, 11:08 712
Әйеліне зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш өз шындығын айтты
Ulysmedia.kz

Әйеліне экономикалық зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталған дипломат Сәкен Мамаш өзіне тағылған айыптарға қатысты түсініктеме берді. Ол өзінің отбасына деген қарым-қатынасы туралы ашық айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Мамаштың айтуынша, жары Карина Мамаштың қолына жаңа iPhone ұстатып, өзі Samsung қолданған. Ол жұбайының жағдайын жасап қана қоймай, қайын жұртына да көмектесіп тұрғанын атап өтті. "Қайын әпкемнің оқу ақысын да төлеп бердім," - дейді дипломат.

«Зайыбым Карина мені экономикалық зорлық жасады деп айыптады. Бірақ мен отбасымда «сен», «мен», «сенікі», «менікі» демедім, тек «біз», «біздікі» деп жүрдім. Себебі біз бірміз», - дейді Мамаш. 

Ол Карина ұзатылғанда, ешқандай материалдық талап қоймағанын да атап өтті.

Мамаштың айтуынша, Карина Әбу-Дабиде жүргенде өзінің кредит картасын қолданған, қажетті заттарын сатып алып, салондарға барып тұрған. «Үйдің әр бөлмесінде косметиканың түр-түрі үйіліп жататын», - дейді ол.

Сонымен қатар, Карина музыкамен әуестеніп, жүздеген долларға өлең жазып, ән шығарған. Астанада жүргенде ақылы актерлық курстарға барып, өзін актриса сезініп жүрген. Ағылшын тілі мен авто жүргізу курстарына да барған.

«Отбасымнан ақшаны аямадым. Үйде төрт адам болсақ, жұбайымның киім-кешегі қалған үшеуіміздікінен екі есе көп шығар. Елге көшіп келерде 15 қораптың 8-9-ы Каринаның киім-кешегі болды», - дейді Мамаш.

Сәкен Мамаш өзінің де, әйелінің де әкесіз өскенін атап өтті. «Жұбайым Каринамен сүйіп қосылдым. Анасы Жанарға рахмет, бізді қолдап, қызын ұзатты. Екеуміз де әкесіз жетім өскенбіз, екі жарты бір бүтін болдық», - дейді ол.

Мамаш отбасы бірінші орында екенін, жанұясын Алланың аманаты деп қабылдап, олардың бүгіні мен ертеңіне барлық жауапкершілікті толық сезінетінін айтты. «Ұлым мен қызым менің өмірімнің мәні, жалғасы, шежірем емес пе? Оларды қазақи тәрбиемен, иманға жақын, адал, білімді, мейірімді етіп тәрбиелеуді армандадым», - деп түйіндеді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәкен Мамаш #Дипломат #экономикалық зорлық-зомбылық #отбасылық қарым-қатынас #қазақи тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Келешек мектептерінің оқушылары «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Бүгін 18:29

Алматы студенттері Қытайда цифрлық қауіпсіздік бойынша білімдерін шыңдады

Бүгін 18:13

Тоқаев Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап қайтты

Бүгін 17:22

Алматыда «жасыл» энергетиканы дамыту аясында заманауи қоқыс өңдеу зауыты салынбақ

Бүгін 16:42

Алматыда 55 мыңнан астам адам қатысқан ауқымды сенбілік өтті

Бүгін 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика