AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Әйелдер мерекесі әлемнің 30-ға жуық елінде ресми м...

Әйелдер мерекесі әлемнің 30-ға жуық елінде ресми мереке ретінде белгіленген

Әлем 08.03.2025, 11:06 735 dulatbekova
Әйелдер мерекесі әлемнің 30-ға жуық елінде ресми мереке ретінде белгіленген
Сурет: ЖИ

 Әйелдер күнін жер шарының жүзден астам елі тойлайды.

30-ға жуық мемлекетте ресми мереке ретінде бекітілген. Бұл тізімде әрине, Қазақстан да бар, деп хабарлайды aqshamnews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бірақ әр елдің тойлау дәстүрі әр түрлі. Мысалы, Италияда осы күні нәзікжандар қауымына жаппай мимоза гүлін сыйға тартады. Бұл дәстүр сонау өткен ғасырдан бері әдетке айналған. Сары гүлдің таңдалу себебі, ол -  қымбат емес. Ауылдық жерлерде тұратын адамдарға да қолжетімді. Бастапқыда мимозаны тек ер адамдар қыз-келіншектерге сыйлайтын. Қазір нәзікжандар бір-біріне сыйға тартуды әдетіне айналдырған.

Қытайда мереке екі күн тойланады Ал Қытайда әйелдер мерекесі 2 күн қатарынан тойланады. 8 наурыз тұрмысқа шыққан ханымдар мерекесі саналады. "Фу нюй" деп атау содан шыққан. Сол себепті бұл күні күйеуге тимеген қыздарды құттықтамайды. Алайда бойжеткендер үшін де арнайы мереке бекітіліпті. Қыздарды 1 күн бұрын - 7 наурызда құттықтап, сый-сияпат табыстайды. Көрші елде 8 наурызда тек ер адамдар жұмыс істейді. Өйткен нәзікжандарға ресми демалыс бекітілген. 

Америкада наурызда «әйелдер айы» аталып өтеді Ал американдықтар жылдың 1-ақ күнінде емес, 1 ай бойы нәзікжандарға құрмет көрсетеді. Бұл бастама Барак Обама әкімшілігі тұсында ресми бекітілген. Халықаралық әйелдер күнінің 100 жылдығына орай, 2011 жылы Обама Наурыз айын «әйелдер тарихы айы» деп жариялады. Содан бері осы айда әр саладағы әйелдерді қолдауға басымдық беріліп, әлеуметтік, гендерлік теңдікті сақтауға назар аударылады. 

Әдетте бүгінгі мерекенің басты түсі қызыл немесе алқызыл деп ойлап жатады. Алайда, бұл - қате пікір. Атаулы күн күлгін, жасыл, ақ түстермен астасып жатыр. Әлемнің біраз елінде бұл күні қыз-келіншектер осы түстегі көйлек-көншігін іліп алады. Күлгін түс әділдікті бейнелесе, жасыл келешекке үмітті, ал ақ түс тазалық пен кіршіксіз пәктікті білдіреді. Бұл реңктерді 1908 жылы британдық әйелдер әлеуметтік-саяси одағы жариялаған. Сондай-ақ бұл түстер әйелдердің гендерлік теңдігін бейнелейтін жалаудың түсімен сәйкес келеді. 

Халықаралық мерекеге БҰҰ да ерекше ден қойған. Құрылым жыл сайын атаулы күн қарсаңында белгілі тақырыпта ауқымды шара өткізеді. Биылғы мерекенің басты ұраны – қыз-келіншектердің құқы, әлеуметтік теңдік. Бұл бастама жер шарындағы нәзікжандардың құқы мен гендерлік теңдікті ілгерілету үшін шаралар қабылдауды көздейді. Бірақ қақтығыстар мен жер бетін жайлаған гуманитарлық дағдарыс салдарынан әлем елдерінің жартысынан көбі әйелдердің жағдайын жақсартуға бөлінетін қаражатты шектемек.  Әлем түрлі ұлтқа бөлінгенімен әйел қай елде де әйел болып қалады. Өйткені ол әр шаңырақтың қазығы, өз Отанының түтінін түтетіп отырған ұйытқысы. Тұрмысты да, жұмысты да қатар алып жүрген нәзікжандарға қандай мақтау айтса да жарасады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#8 наурыз #әйелдер мерекесі #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);