Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / «Әйел» сөзінің мағынасы қандай?

«Әйел» сөзінің мағынасы қандай?

Керек кеңес 27.05.2024, 16:17 3,936
«Әйел» сөзінің мағынасы қандай?
Сурет: Aptamedia.kz

Қатын — қазіргі қазақ тілінде архаизмге айналған ұғым, ол әуелгі заңдық құқы мен мағынасы бойынша — дәрежелік атау. Отағасынан кейінгі заңды билік иесі, жерге мұрагерлік ететін, мүлік пен малдың еншілесі, сыбаға басы. 

Қазақ қоғамындағы қатындар — иерархиялық (әулеттік) орнына қарай: бәйбіше, тоқал, құдағи, құдаша, келін, қыз, абысын, ажын, жеңге, сондай-ақ өзі теңдес еркектермен тең құқықта — нағашы, жиен, бөле ретінде әрқайсысы өз орнына қарай билікке араласып, енші алып, тиісті сыбағасын бөліскен. Тіпті күңнің де мұрагерлік құқы болған. 

Бүгінгі әдеби тіл айналымындағы әйел ұғымының араб тіліндегі мағынасы — күңсі, яғни күңнен де төмен, бас еркі жоқ, өлсе — құнсыз, еңбегіне жалақы төленбейтін, туған баласы да есепке алынбайтын басыбайлы үй салмасы. Кеңестік теңгерме саясат тұсында сауаты төмен ортадан төмен, тәрбие мен әдеп сіңбеген белсенді қазақ әйелдері: «біз меншік иесі — қатын емеспіз, мал-мүліксізбіз, басыбайлы крестьянкалар сияқты біз де әйелдерміз» деп таптық астар беріп, 1927 жылдан бастап шыққан журналдың атын «Әйел теңдігі» (кейінгі «Қазақстан әйелдері») деп атады. Содан бастап «әйел» ұғымы жазба әдеби тілдік термин ретінде қалыптасып қалды. Ал өзбек, түрікмен, қырғыз, татар, ноғай, қарақалпақтар «әйел» терминінен саналы түрде бас тартты.
Әйелдерге арналған басылымдар «Өзбекстан қотын-қызлары», «Татарстан қатынлары» деп аталды. Біз, негізгі әфсана арқауының мақсатына сәйкес, олардың тақ билігіне иелік ететін заңды құқын, билік аясын, мұрагерлік еншісін анықтайтын дәрежелік мағына беретін «қатын» атауын қолдандық. Әйтпесе, олардың «қатындық» рухын әйелге дейін төмендетсек, онда империяның тұтқасын ұстаған, құрылтайдың шешімі арқылы «қатын» (императрица) дәрежесі берілген Теркен қатынды, Өгіл-қаймыш қатынды, Сорқақ қатынды, Шәби қатынды, Мандухай қатынды, Тайдулла қатынды «күң» есебінде кемсіткен сияқты көрінер едік. Мұндай мағынасы тepic түсінік беретін ұғымдар әр тілде кездеседі. Сондай-ақ, осы әфсанада кездесетін «алтын ұрық», «кекті жатыр», «кекті қатындар», «ұлы жесірлер», «күндестер» т.б. тырнақшаға aлынғaн сездердің тарихи термин екенін ескертіп, жатсынбай қабылдауды өтінеміз. Ал cөзіміз сенімді шығуы үшін «Хатун — титул представительницы ханского рода. Им обладали даже те дочери ханов, которые состояли в браке с представителями менее знатных семейств. Супруги ханов из числа дочерей беков не имели права на этот титул и назывались обычно уджин (фуджин) или беки (бегім — Т.Ж.), впрочем, в летописной традиций их также могли называть хатун, несколько повышая их статус», — деген орыс ғалымдары Р.Ю. Почекаев пен И.Н. Почекаеваның пікірін түпнұсқа бойынша келтіруді орынды санадық».

Пікір иесі Тұрсын Жұртбай

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әйел #қатын #тіл #Тәрбие
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15

Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттауға арналған 2026–2028 жылдарға арналған жоспарды бекітті

Бүгін 14:12

СІМ орынбасары Түркі мәдениеті және мұрасы қорына сапармен келді

Бүгін 12:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика