AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Аида Балаева Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Аида Балаева Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Өмір-өзен 16.12.2021, 08:02 1,656
Аида Балаева Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Сурет: Рricom.kz

Тәуелсіздік жылдары дүние есігін ашып, өсіп-жетілген жас буын бүгінде ер жетіп, үлкен өмірге, кейбірі ел басқару ісіне де араласып жатыр.


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


«Баршаңызды Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Биылғы жыл халқымыз үшін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ерекше маңызға ие болды. Осы белеске аман-есен жету үшін еліміз талай қиындықтар мен дағдарыстарды бастан өткерді. Көпшілік қауым азаттықтың ақ таңының қалай атқанына куә болды. Алғашқы тоқырау жылдардың сан түрлі сынағынан өтті. Өкінішке орай, тәуелсіздіктің алғашқы қалыптасуына аянбай тер төккен қаншама алдыңғы буын аға-апаларымыз бүгінге жетпей өмірден өтіп кетті. Десе де, ұрпақ аман болса, өмір жалғасады.



Тәуелсіздік жылдары дүние есігін ашып, өсіп-жетілген жас буын бүгінде ер жетіп, үлкен өмірге, кейбірі ел басқару ісіне де араласып жатыр. Сондықтан Тәуелсіздіктің 30 жылдығының жеңісі мен жетістіктерінің түбінде барша қазақстандықтардың үлесі жатыр. Еліміз Тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына ішкі және сыртқы саясаты орнықты, бірлігі мығым, экономикасы қалыптасқан мемлекет ретінде аттап отыр. Біз тұтастықтың қадірін толық түсінетін әрі биік бағалай білетін қоғам қалыптастыра алдық.



Ел басына күн туған пандемия кезінде біртұтас халқымыз мұны лайықты дәлелдей алды. Біз елдегі тыныштық пен ішкі тұрақтылықтың қоғамдағы әрбір азаматтың саналы әрекетіне байланысты екенін ұғындық. Айналаға жанашыр болып, жақындарымызға көмек қолын созудың қаншалықты маңызды екенін білдік.


Олай болса, Тәуелсіздік мерекесі баршаңызға жарқын қуаныш сыйласын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, заманымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!» – деп жазды Аида Балаева.


 


 


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #буын #қиындық #дағдарыс #Балаева
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);