AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Аида Балаева Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын...

Аида Балаева Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградаларды табыстады

Тәуелсіздік-30 13.12.2021, 13:07 1,190
Аида Балаева Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мемлекеттік наградаларды табыстады
Сурет: Gov.kz

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаева Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға қатысты.


Министр «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атақтары, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдары, «Халық алғысы» медальдары, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілерімен марапаттады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталары мен ҚР Премьер-Министрінің Құрмет грамоталарын табыстады. Марапатталғандардың арасында Қазақстан азаматтық қоғамының көрнекті қайраткерлері Бану Нұрғазиева, Айгүл Соловьева, Марат Башимов, БАҚ-тың ардагерлері мен қызметкерлері Сауық Жақан, Мақпал Жұмабай, Сергей Нестеренко, Марина Сахарова және басқалар бар.



А.Балаева құттықтау сөзінде:



«Биылғы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – ел дамуының жаңа кезеңі. Тәуелсіздіктің бізге қалай келгенін, осы жолда халқымыз қандай қиындықтарды көргенін Елбасымыз кешегі «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында тамаша жеткізді. Расында, Тұңғыш Президентіміздің де, Мемлекет басшысының да айтқанындай, осы 30 жылдық мерейлі белесті еліміз абыроймен бағындырып отыр», - деді ол.



Министр осы жылдар ішінде мемлекеттік саясаттың басты идеологиялық бағыттарына - ақпарат, азаматтық қоғамды дамыту, қоғамдық келісімге ведомство жетекшілік ететінін атап өтті.



«Мен сіздердің әрқайсыңызға кәсіби жұмысыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді! Әрқайсыңыз ортақ іске баға жетпес үлес қостыңыздар», - деді А.Балаева.



Белгілі қоғам қайраткері Айгүл Соловьева барша қазақстандықтарды құттықтап, Министрліктің еліміздің тұрақты дамуына зор үлес қосқанын және Министрліктің атауындағы «даму» негізгі сөзі әділ көрініс тапқанын атап өтіп, әрқашанда осы векторды ұстануға тілек білдірді.



«Министрлік бұл бағытта маңызды әрі тиімді жұмыс атқарды және қоғам өкілдерімен диалогтың өнімді форматын қалыптастырды», - деді А.Соловьева.



Өз кезегінде «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен марапатталған «Қазақ радиосының» ардагері Сауық Жақан ата-бабалар армандаған бақытты уақытта өмір сүріп жатқанымызды атап өтті. Ол Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы «Қазақ радиосының» 100 жылдығымен тұспа-тұс келгенін және ауқымды жұмыстың нәтижелерін, мемлекет тарапынан радиохабар тарату саласына шынайы қамқорлықты сезінетінін айтты.


Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Б.Нұрғазиева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалін табыстау кезінде еліміздің барлық өңірлерінің үкіметтік емес ұйымдарын біріктіретін барша Азаматтық Альянстың еңбегін бағалау ретінде қабылдайтынын атап өтті.


Салтанатты іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Министрлік Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылында атқарған жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #қоғам #Мерейтой #қайраткер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);