AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады

Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады

Әлеумет 15.05.2024, 12:09 846 dulatbekova
Аида Балаева халықаралық отбасы күнімен құттықтады
Сурет: Astanatv.kz

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақстандықтарды халықаралық отбасы күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


"Құрметті достар, халықаралық отбасы күнін атап өтуде. БҰҰ бас ассамблеясы осыдан 31 жыл бұрын отбасының қоғамдағы рөлі мен маңызын арттыру үшін бұл мерекені белгілеген болатын. Әрине, адам өмірі отбасыдан басталады. Онда оның балалық шағы, тұлға болып қалыптасу жолы өтеді. Сондықтан отбасы махаббат пен құрметтің, ынтымақтың ұясы болып қала берері анық. Ал адам онсыз өмір сүре алмайды. Қзақстан халқы үшін отбасының орны ерекше. Отбасы өмірдің негізгі құндылықтарының, мәдениетінің, сақтаушысы,-деді министр.

Министр Қазақстан қазіргі кезде отбасын қорғайтын заңнамалық база қалыптасқан жетекші елдердің бірі екенін атап өтті.  Былтыр 1 шілдеде күшіне енген Әлеуметтік кодекс әлеуметтік қолдау мәселелерін реттейтін маңызды құжат болып саналады. Енді әлеуметтік қолдау жәрдемақы төлеу ғана емес, азаматтардың өмірлік қиындыққа ұшырауының алдын алуға бағытталған әлеуметтік кодекстің бір жаңашылдығы отбасылық цифрлық картасы. Бүгінде ол отбасылық портрет деп аталады. Онда Қазақстанның 20 млн азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған. Сондай-ақ Әлеуметтік кодексте балаларды қолдау туралы қосымша шаралары, атап айтсақ, бала күтімі бойынша төлем мерзімін бір жарым жасқа дейін ұзарту көзделген. Еңбек заңнамасы жұмыс істейтін аналар мен әкелдердің құқығы мен міндеттерін реттейді. Онда жүкті әйелдер мен балалы әйелдерді жұмысқа қабылдағанда кепілдіктер беру және жұмыстан шығаруға тыйым салу, 3 жасқа дейінгі балалары бар аналарға жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс беру қарастырылған..


Құрметті достар, мұның бәрі болашақ үшін дамыған әрі өркениетті Қазақстанда өмір сүруге тиіс және өмір сүретін балаларымыз бен немерелеріміз үшін жасалып отар. Бүгінгі халықаралық отбасы күні біз тағы да отбасы құндылығының ерекше маңызына, оның жақсартудағы рөліне назар аударамыз. Сіздерді осы атаулы датамен шын жүректен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін, - деді Аида Балаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#министр #Отбасы күні #мерекемен құттықтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Құрманғазы оркестрі Отан қорғаушылар құрметіне концерт берді

Бүгін 20:39

Қазақстандық жұп әлемдік турнирде жүлде алды

Бүгін 19:33

Сурдлимпиада жүлдегерлеріне 5,5 млрд теңге сыйақы берілді

Бүгін 19:29

Astana IT University жасанды интеллект саласында MIT IDSS-тің Еуразиядағы мүшесі атанды

Бүгін 19:26

Астаналық клиника Орталық Азиядағы көз клиникалары арасында алғаш рет JCI аккредитациясын алды

Бүгін 19:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);