AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Аида Балаева: Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігі...

Аида Балаева: Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігі болмайынша, тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес

Саясат 05.03.2022, 08:54 2,869
Аида Балаева: Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігі болмайынша, тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес
Сурет: Almaty.tv

Әлемдегі қазіргі ахуал шиеленіс пен тұрақсыздықтың ушығуын байқатып отыр. 


Қазақстанда қызметтің барлық саласында әйелдердің жұмысын ілгерілету тұрғысында табысты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Бұл туралы бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселесінде әйелдердің рөлі тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Бүгінгі жиында бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерін талқылаймыз. Қазіргі кезде осы тақырыпта жан-жақты әрі маңызды диалог қажет екенін белгілі. Әлемдегі қазіргі ахуал шиеленіс пен тұрақсыздықтың ушығуын байқатып отыр. Қақтығыстардың теріс салдары тұтас өңірлерге қауіп төндіріп, тұрақсыздықты тудырады», - деді Аида Балаева ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен жиында.



Осы орайда ол бұл тұрғыда 2010 жылы қабылданған «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қарары ерекше маңызға ие болып отырғанын атап өтті. 



«Бұл қарар, сондай-ақ кейінгі сегіз құжат соғыс пен бейбітшіліктің гендерлік өлшемдерін және қақтығыстарды тоқтату мен шешуде әйелдердің маңызды рөлін мойындатуға ықпал етті. Осымен әйелдерді бейбіт келіссөздер процестеріне көптеп тарту, гуманитарлық іс-қимыл мен шиеленістен кейінгі қалпына келтіруге қатысуы құқығы бекітілген. Әйелдердің қауіпсіздігі мен теңдігі болмайынша тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін емес екені белгілі. Қазақстан тарапы әйелдерді мемлекет қызметінің барлық саласында ілгерілету және әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтан қорғау үшін қабылданған тиімді әрі институционалды шаралар деңгейінде тиісті табыстарға қол жеткізді», - деді Аида Балаева.



ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы бекітілгенін, онда барлық мәселелер қамтылғанын еске салды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Аида Балаева #МИД
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Паралимпиадалық орталық пен медициналық кешен: Алматы әкімі жаңа нысандардың жобаларын қарады

Бүгін 19:21

Алматыда «Әділет» партиясының кандидаттары Батыс жылу кешенінің ұжымымен кездесті

Бүгін 19:11

Нұрлыбек Нәлібаев отын-энергетика кешенін дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Бүгін 18:30

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Бүгін 18:07

БҚО-да заңсыз айналымнан 220 келіден астам марихуана тәркіленді

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);