Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Аида Балаева әйелдерді мемлекеттік қызметке жоғары...

Аида Балаева әйелдерді мемлекеттік қызметке жоғарылатудың жаңа жүйелі тәсілін енгізуді ұсынды

Әлеумет 07.03.2025, 17:20 521
Аида Балаева әйелдерді мемлекеттік қызметке жоғарылатудың жаңа жүйелі тәсілін енгізуді ұсынды
Сурет: Gov.kz

Кеше, 6 наурызда, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты өкілдерімен кездесті.

Халықаралық әйелдер күніне орай Мәжілісте өткен іс-шара гендерлік теңдік, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен олардың мемлекеттік басқару ісіне қатысуы мәселелеріне арналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Министр өз сөзінде Қазақстанда әйелдердің өзін-өзі дамытуына және елдің дамуына үлес қосуына мүмкіндік беретін жүйелі шаралар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтегі әйелдердің басшылық лауазымдарда аз қамтылуы мәселесі де қозғалды.

Министр мемлекеттік қызметшілердің 56%-ға жуығы әйелдер болғанымен, олардың басшылық лауазымдардағы үлесі 40%-дан төмен екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Аида Балаева қазіргі таңда елімізде облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдерінің орынбасары қызметін небәрі тоғыз әйел атқарып отырғанын айтты. Министрліктердегі жағдай да ұқсас – 21 министрліктің ішінде вице-министр қызметін бар болғаны сегіз әйел атқарады, бұл орталық және жергілікті атқарушы органдардағы негізгі лауазымдардың небәрі 7-10%-ын құрайды.

Ведомство басшысы әсіресе тәжірибесі мол департамент директорлары мен комитет төрағаларын орталық және жергілікті атқарушы органдардағы негізгі лауазымдарға жоғарылату маңызды екенін ерекше атап өтті.

Министрдің пікірінше, кадрларды іріктеуге жүйелі түрде қарау қажет және кәсіби әрі мансаптық өсуге лайықты мамандарды мақсатты түрде анықтау керек.

«Ұлттық комиссия «Аманат» партиясының әйелдер қанатымен бірлесіп, мемлекеттік қызметтегі әйелдердің сапалық құрамына терең талдау жүргізіп, оларды мемлекеттік қызметте жоғарылатуға қатысты ұсынымдар әзірлеуді ұсынамын. Мен статистикалық көрсеткіш үшін жасанды түрде жоғарылатуға қарсымын. Керісінше, бұл механизм тәжірибесіне, беделіне, кәсіби құзыреттілігі мен жеке қасиеттеріне сай ең үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді», – деді министр.

Сонымен қатар, Аида Балаева әйелдерге арналған кеңес беру орталықтарын құруды ұсынды.

«Тағы бір маңызды мәселе – әйелдерге арналған бірыңғай консультациялық орталықтың болмауы. Иә, бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған немесе қиын жағдайға тап болған әйелдерге көмек көрсететін орталықтар бар. Алайда, мемлекеттік қызметке немесе квазимемлекеттік секторға қалай орналасуға болатынын түсіндіретін арнайы орталықтар жоқ. Сондықтан, қоғамдық қабылдау бөлімдерінің әлеуетін пайдалана отырып, олардың жанынан жұмысқа орналасу тәртібі мен басқа да маңызды мәселелер бойынша кеңес беретін арнайы кабинеттер ашуды ұсынамын», – деді Аида Балаева.

Министр мемлекеттік қызметшінің басты миссиясы – өз қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен әрі адал орындау екенін атап өтті.

«Мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өткен адам ретінде айтарым, өміріңді мемлекетке қызмет етуге арнау – бұл темірдей тәртіп, жоғары жауапкершілік және бар күш-жігеріңді сарп ету деген сөз. Бұл – үлкен мәртебе. Мемлекеттік мүддені жоғары қойып, өз уақытың мен отбасыңның мүддесінен бас тартуға дайын болуды талап етеді. Өз кәсібіңді шексіз сүю – бұл жолдың басты шарты. Сондықтан бұл жолды саналы түрде таңдау қажет», – деп қорытындылады Мәдениет және ақпарат министрі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Аида Балаева #мемлекеттік қызмет #жоғарылату
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика