AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары 5 млн...

«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары 5 млн теңге алады

Әлеумет 06.07.2023, 10:56 1,644 Нұрай МАҚСАТҚЫЗЫ
«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары 5 млн теңге алады
Сурет: ашық дереккөз

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жариялаған «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына бүгінгі күнге дейін 39 өтінім келіп түскен.


Оның ішінде «Үздік проза» номинациясына – 15 шығарма, «Үздік драма» бойынша – 1 өтінім, «Үздік поэзия» - 14, «Үздік әдеби сын» аталымы бойынша – 1 өтінім, «Үздік әдеби аударма» - 2, «Үздік балалар әдебиеті» - 4, «Үздік комикс» - 2 өтінім.

Еске сала кетсек, әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры – 35 млн теңге. Әр номинацияға 5 млн теңгеден қарастырылған.

Үміткерлер өтінімдерін 2023 жылғы 1 мамыр – 1 қыркүйек аралығында www.aiboz.kz сайты арқылы жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады. Байқауға отандық қаламгерлер қатыса алады және үміткерлердің жас ерекшелігіне шектеу жоқ.



««Айбоз» – отандық қаламгерлерге мемлекет тарапынан қолдау көрсету және ынталандыру мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыратын ұлттық әдеби сыйлық. Байқауға бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады. Бұл қазақ әдебиетінің қоры 7 номинация бойынша жүздеген жаңа туындымен толығады деген сөз. Сондай-ақ қаламгерлер арасында бәсеке пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи шығармалар жол тартады»,- деді ҚР МСМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Кітап ісі басқармасының басшысы Алмаз Мырзахмет.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Айбоз» #әдеби #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Президент туралы» заңға да түзетулер енгізу жоспарланып отыр

Бүгін 10:51

Қыз Жібекке Баян сұлудың сыйы

Бүгін 10:23

Алтын мен күміс арзандады

Бүгін 10:14

47 жастағы әйелдің құрсақ қуысынан салмағы 6 келіден асатын ісік алынды

Бүгін 09:16

Астана қаласының оқушылары халықаралық чемпионаттың жеңімпазы болды

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика