AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек

АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек

Әлеумет 29.07.2023, 10:17 1,044
АИ-92 бензинінің бағасы 205 теңгеден аспауы керек
Сурет: ашық дереккөз

Энергетика министрлігі АИ-92 және АИ-95 маркалы автобензиндер бойынша қазіргі ахуалды баяндады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қазір Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр және АИ-92, АИ-95 бензиндерін, өтінім болған кезде АИ-98 бензиндерін өндіруде.



«Мұнай базаларындағы, жолдағы, өңдеу зауыттарындағы және АИ-95 «премиалды» автобензинінің импортындағы көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тоннаны (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тоннаны (18 күн) құрайды. Айта кетейік, бір литр АИ-92 автобензинінің шекті бағасы мемлекеттік баға реттеуге байланысты 205 теңгеден аспауы тиіс», - деп жазылған министрлік сайтында.



Ал АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының «пистолетінен» шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін.


28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысының мұнай базаларында және жолда АИ-95-тің 8 тәулікке жететін 0,8 мың тоннасы, АИ-92-нің 9 тәулікке жететін 4,1 мың тонна қоры бар.



«Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар МӨЗ іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятын болады», - дейді Энергетика министрлігі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#бензин #баға #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада жеке сектордағы жалындаған өрт ауыздықталды

Бүгін 11:51

KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты

Бүгін 10:29

Тоқаев: Қуғын-сүргін құрбандарын жадымызда сақтау – қастерлі борыш

Бүгін 09:08

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);