конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Ахмет Байтұрсынұлының домбырасы табылды

Ахмет Байтұрсынұлының домбырасы табылды

Өмір-өзен 01.07.2022, 10:37 2,214
Ахмет Байтұрсынұлының домбырасы табылды
Сурет: Almaty.tv

Ұлт ұстазының 150 жылдығында көпті қуантқан жаңалықты ахметтанушы ғалымдар сүйіншілей хабарлады.


Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының домбырасы табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Алматы арнасына сілтеме жасап.


Ұлт ұстазының 150 жылдығында көпті қуантқан жаңалықты ахметтанушы ғалымдар сүйіншілей хабарлап отыр. Оның үстіне бұл ақжолтай ақпардың ұлттық домбыра күнімен тұспа-тұс келгені тағы бар.


Байтұрсынұлынан жеткен бағалы мұралардың қатары көп емес. Ағартушы атында мұражай-үй болғанымен, ондағы тек санаулы экспонаттың Ахмет дәуірінен жеткені көпке мәлім. Әуелі ахметтанушыларды, кейіннен күллі қазақты қуантқан қара домбыра бұған дейін қолдан қолға өтіп, сақталып келіпті. Ендігіде Ахаңның өзі ұстап, көзі көрді деген азын-аулақ мұраның қатары оның қолы тиген домбырасымен толықпақ.



«Ахметтің туыстары сол домбыраны да сақтауға қорыққан ғой негізі. Сөйтіп, бір қолдан екінші қолға өтіп кеткен. Негізі жиенінде болған, Ахметтің қарындасы Зейләштан туған Бәкібай ағай Бейісовтер отбасы күні кешеге дейін сақтап келген де, кейін1956 жылы қайтадан бұл кісілердің соңына түсе бастаған кезде, өздерінен туған жиеншарға беріп жіберген екен. Қайта қалпына келтіргеннен кейін мына 150 жылдықтағы үлкен бір тосын әрі тарту сыйымыз сол Ахметтің қолы тиген домбыра болады», – деді ахметтанушы, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің жетекшісі Райхан Имаханбет.



Құнды жәдігер Ахаң өмірден өткен 85 жылда әр адамның аманат етіп тапсыруымен бүгінге жетіп отыр. Әзірге домбыраға қатысты толық ақпар жоқ. Бет қақпағы бүлініп, құлақ, ішегі жоғалған екен.  Мұра мамандар қолынан өтіп, қайта қалпына келтіріледі. Содан соң көптің назарына ұсынылмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Домбыра #байтұрсынов #мұра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық чемпионатында жүлделі орынға ие болды

Бүгін 12:52

Food and Travel Алматының гастрономиялық әлеуетін зерттеп жатыр

Бүгін 12:46

Алматы құрылысшылары Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды

Бүгін 12:44

Қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Бүгін 12:11

Қазақстан мен Түркия арасындағы тұрақты әуе рейстерінің саны өсті

Бүгін 12:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);