AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның отырысы өтті

Әлеумет 27.10.2022, 14:30 1,333
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын өткізу жөніндегі комиссияның отырысы өтті
Сурет: Ақорда

«Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін дайындау тапсырылды


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен ұлт ұстазы, «Алаш» қозғалысының қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Отырыста мемлекеттік органдардың басшылары мерейтой аясында атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық бағыттағы жұмыстар жайында баяндады.


ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалғанын атап өтті. Сонымен қатар ол ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өткенін, онда «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» (қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде) кітабының тұсауы кесілгенін айтты. Бұдан бөлек биыл ТҮРКСОЙ ұйымы халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындағанын және Алматы қаласында ұлт ұстазының ескерткіші ашылатынын жеткізді.


ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қайраткерлігіне арналған «Соңғы үкім» киножобасының түсірілімі жыл аяғына дейін аяқталатынын, желтоқсан айында мерейтойға арналған республикалық айтыс өткізілетінін атап өтті.


Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай өңірінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткіші ашылғанын, Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайына абаттандыру жұмыстары жүргізілгенін айтты.


Отырысты қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажет екеніне тоқталды. Сондай-ақ Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін ұйымдастыруды, ұлт ұстазының 12 томдық шығармаларының жинағын шығаруды, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін дайындау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Азмет Байтұрсынұлы #150 жылдық #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Клиникалардағы сыбайлас жемқорлықты хабарлай аласыз

Бүгін 08:59

Жаңбыр, бұршақ, тұман: бүгінгі ауа райы мәліметі

Бүгін 08:38

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізді

Кеше 20:42

Бұралқы иттер мәселесі: қазақстан аулау, стерильдеу, вакцинациялау және босатудан неге бас тартқалы отыр?

Кеше 20:37

Бұтақтыда экологиялық акция өтті: алматылық жастар «Бұлақ көрсең, көзін аш» акциясына қатысты

Кеше 20:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика