Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ахмет Байтұрсынұлы түскен видео табылды

Ахмет Байтұрсынұлы түскен видео табылды

Оқиға 07.09.2022, 16:00 1,102
Ахмет Байтұрсынұлы түскен видео табылды
Сурет: Ашық дереккөзі

Сол кезде Ахмет Байтұрсынұлы екі комиссияға мүше болған


«Ахаң жүріп өткен жолмен» экспедициясының нәтижесінде Ахмет Байтұрсынұлының видеосы табылды. Мұндай жаңалықпен ғылыми экспедицияның мүшесі Абылай Мауданов бөлісті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Ахаң жүріп өткен жолмен» экпедициясы аясында Ахмет Байтұрсынұлының табаны тиген жерлердің барлығына жолға шықтық. Оның ішінде Бакуге де бардық. Онда Түркологтардың бүкілодақтық І съезі өткен ғимаратқа соқтық. Дегенмен олар бізге қағазға түсіріліп, ғаламторға жарияланып, кітапқа енген баршаға белгілі деректерді ғана ұсынды. Бірақ аудио және бейнематериалдар сақталмаған екен. Кейін Әзірбайжан ұлттық-ғылыми орталығының қызметкерімен байланысып көрдік. Олар видеолар бар екенін жеткізді. Алайда, оны алу үшін ресми хат жазу керек болды. Біз экспедициядан соң елге оралып, хат жазуға кірістік. Нәтижесінде аталған орталық бізге ұзақтығы 7 минут 55 секунд болатын бейнематериалды жолдады. Видеоның ішіндегі бір кадр көзге шалынды. Таспаға сырт келбеті Ахмет Байтұрсынұлына ұқсайтын адам түсірілген екен», - деді экспедиция мүшесі Абылай Мауданов.



Оның айтуынша, бейнематериалдағы адамның Ахмет Байтұрсынұлы екенін растау үшін видео алаштанушы және ахметтанушы ғалымдарға жолданған. Олардың барлығы бір секундтық кадрда көрсетілген азаматтың Ұлт ұстазы екенін растапты.




«Ахметтанушылардың айтуынша, сол кезде Ахмет Байтұрсынұлы екі комиссияға мүше болған. Сондықтан ол президиумда отыруға әбден лайық. Видеоны қарасаңыз, ол алдыңғы қатарда отыр. Бұл сол кездегі Ахаңның беделді, танымал кісі болғанын айғақтайды. Кейін, 31 тамыз күні, бейнематериалды Қостанайдағы сот-сараптама институтына апардық. Олар: Видеодағы адамның сұлбасы 1926 жылғы түскен Ахмет Байтұрсынұлының суретіне ұқсайды, деген жауап берді», - деп жұмыстардың нәтижесімен бөлісті Абылай Мауданов.



«Ахаң жүріп өткен жолмен» ғылыми экспедициясының нәтижесінде Ұлт ұстазының өмірі мен атқарған еңбегі туралы тың деректер жинақталып, құжаттар өңірлік мұражайға табысталған. Сондай-ақ, Ахмет Байтұрсынұлының туған жері Торғайда өтетін 150 жылдық мерейтойы аясында көрсетілетін деректі фильм әзірленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ахмет Байтұрсынұлы #Бейнетаспа #тарих
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің ең биік жеті шыңын бағындырған тұңғыш қазақ қызымен сұхбат

Бүгін 12:27

Балқашта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті - видео

Бүгін 12:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Бүгін 12:15

Димаш Құдайберген Алматыдағы музейге өзінің алғашқы домбырасын сыйға тартты

Бүгін 12:04

Алматыда Франсис Пуленктің монооперасы алғаш рет қазақ тілінде орындалады

Бүгін 11:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі