AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау 2026 / «Әділет» партиясының кандидаттары «Жолаушылар тасы...

«Әділет» партиясының кандидаттары «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды

Сайлау 2026 Бүгін 11:27 88
«Әділет» партиясының кандидаттары «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұжымына сайлауалды бағдарламасын таныстырды
Фото: adilet-partiyasy.kz

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Әділет» партиясының өкілдері «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның «Оңтүстік» филиалының еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жиынның негізгі тақырыбы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, еңбек адамының мүддесін қорғау және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру болды.

Кездесуге «Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттар, Жетісу аудандық сайлауалды штабының мүшелері және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Басқосуда партияның 2026-2031 жылдарға арналған Алматы қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың ашықтығын нығайту, әлеуметтік саланы жетілдіру және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалды.

«Әділет» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидат Әкежан Кеңесов көлік саласының дамуындағы еңбек ұжымдарының рөліне және мамандарды әлеуметтік қолдау мәселелеріне тоқталды.

«Көлік жүйесінің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі сала мамандарының күнделікті еңбегімен тығыз байланысты. Инфрақұрылымды жаңғыртумен қатар, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек етуіне жағдай жасау, олардың құқықтарын қорғау және кәсіби дамуына мүмкіндік беру маңызды. Саланы жетілдіру барысында өндірістің ерекшеліктерін жақсы білетін мамандардың тәжірибесі мен ұсыныстары ескерілуі қажет», - деді Әкежан Кеңесов.

Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтті. Кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, сайлауалды бағдарламаға қатысты сұрақтарын қойды және қаланың одан әрі дамуы жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: С.В. Канкуров

Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.                                    

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы мен Қытай жастарды жұмыспен қамту және кәсіби дамыту бағытындағы ынтымақтастықты кеңейтіп келеді

Бүгін 14:13

«Бәйтерек» ҰИХ экономиканы қолдауға 8,7 трлн теңге бөлді

Бүгін 14:06

Қазақстанда сапалы жоғары білім алу мүмкіндіктері кеңейіп келеді

Бүгін 13:43

Олжас Бектенов отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейтуді тапсырды

Бүгін 13:35

Азаматтық құқықтарды қорғау жаңа Азаматтық кодексте одан әрі дамытуды қажет етеді – Елеужан Серімов

Бүгін 13:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);